» » Cыр диқандары күрішке орақ салды

Cыр диқандары күрішке орақ салды

Cыр диқандары күрішке орақ салды
Тамыз түгесілер тұста жылдағы дәстүрмен Қызылорда өңірі күрішке орақ салды.
Егін-терімді алғаш болып Шиелі ауданының еңбеккерлері бастап кетті. Аудан диқандары үшін биыл Сыр маржанын күтіп-баптау оңайға соққан жоқ. Сырдария өзені деңгейінің төмендеуі, бірқатар шаруашылықты алаңдатқаны белгілі. «Алайда тіршілік нәрін кестеге сай, тиімді пайдаланғанның нәтижесінде өнім көлемі ойдан шықты», – дейді мамандар. Мәселен, Керделі ауылдық округіндегі шаруақожалық шамамен әр гектардан 50 центнерден өнім алуды межелепті. Жалпы биыл Шиелі ауданы 24 мың гектар жерге дән сепсе, оның тең жартысы күріш. Ал облыс бойынша Сыр маржанының үлесі 87 мың гектарға жуықтайды. Ауа райы қарасса, облыс диқандары қыркүйектің соңына дейін орақ науқанын аяқтауды жоспарлап қойған.
Сейілбек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Ағымдағы жылы күннің салқындығы, жаздың ыстық болуы, Сырдария өзеніндегі судың төмендеуінен бізде күрішті сумен қамтамасыз етуде қиындықтар орын алды. Өткен жылы бастапқы салмақпен сол 50-55 центнер көлемінде болған. Мамандардың бағалауы бойынша қазіргі күріштің шығымы жаман емес. Сол өткен жылғы көлемнен кем болмайды деп отыр.
24.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031