» » ЖОҒАРЫ ӨНІМГЕ СЕНІМ МОЛ

ЖОҒАРЫ ӨНІМГЕ СЕНІМ МОЛ

Биылғы егін жинау науқанына қызу кіріскен қармақшылық диқаншы қауым егіс даласын дүбірге толтыруда. Қарбалас еңбектен ырзық-несібесін жинаған егінжай ерлері әрбір сәтті қалт жібермей, демалыссыз жұмыс істеуде. Сыр салысынан жоғары өнім алуды көздеген ерен еңбек иелерінің қазіргі мақсаты – аймақтың сары алтынын ысырап етпей, мерзімінде жинап алу.

Күз диқаншылар үшін – жауапты науқан. Өйткені, ала жаздай төккен тердің қарымын қайтаратын шақ осы. Мамандардың айтуынша, үстіміздегі жылы күріш көрсеткіші өз деңгейінен шықпақ. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде аудан диқаншы қарқыны жаман емес. Өңірде егілген барлығы 23,9 мың гектар егіс алқабы жиналып болуға жақын. Оның ішінде, бақша өнімі мен көкөніс дақылының соңғы гектарлары жинақталуда. Ал, күріштіктегі 13850 гектар өнімнің қазіргі таңда 8200 гектары орылып, 6800 гектары бастырылды. Гектар түсімділігі – 52 центнерді құрауда.
– Егін жинау жұмысына 116 трактор, 80 комбайн, 84 жатка, 62 жүк көлігі, 94 трактор тіркемесі қамтылуда. Дала қостары мен астық қырмандары толығымен жасақталып, үздіксіз қызмет жасауда. Нәтиже де ойдағыдай болуда. Әсіресе, «Жаңажол», «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі диқандары әр гектардан 60-65 центнерден өнім жинауда, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сабытбек Жолмаханов.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
05 қазан 2018 ж. 3 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728