» » ТАҒЫЛЫМ ТАЛ ЕГУДЕН БАСТАЛАДЫ

ТАҒЫЛЫМ ТАЛ ЕГУДЕН БАСТАЛАДЫ

Көп кісі мерейтойын тойханада өткізіп, көлдей дастарқан жаяды. Онда той иесіне шапан жабылып, зор құрмет көрсетіледі. Маған марапат көрсетілсе деген дәме де жоқ емес. Айтпақшы, қошеметті елден күтетін кей жанға Жосалы кентінің тұрғыны Бостан Жалғасбаевтың бұл бастамасы қызық болып көрінуі мүмкін. Өйткені, ол кім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деп жүрген елжанды азамат. Ол қандай бастама?
Бостан Қожахметұлы биыл – 60 жаста. Мерейтойына «60 жылдыққа – 60 қаламша» отырғызуды жөн көріпті. Асқаралы жасына орай ол Жосалы кенті орталығындағы «Ардагерлер аллеясына» 60 жас шыбық отырғызып, мерейтойына осылай тарту жасады.
Б.Жалғасбаевтың ойынша, «Бабаның тал қондырғаны – өзіне ат қалдырғаны». Шүкір, малым да, талым да бар. Дегенмен, ауданның айнасы – «Ардагерлер аллеясына» қанша тал ексек те аздық етпейді.
– Үлкен қалаларға барғанда қызығасың. Көрші Жалағаш, Сырдария ауданы ше? Саябағы да, көшесі де көкке оранулы. Күн ыстықта көлеңкесі жанға сая. Оған қарап қызықпай көр. Саябақ – көптің келетін жері, қоғамдық орын. Кешегі кездерде бізде әдемі саябақтар болды. Кесілді, табанына ғимарат салынды. Сөйтіп, жойылды. Ал, қазіргі саябақтарға көп күтім керек. Онда да қара тал егіледі. Туған жерімнің патриотымын. Ауылымның жасыл баққа оранып, көркейіп-гүлденгенін қалаймын. Өзгеден біздің қай жеріміз кем? Олардың бізден несі артық? Кемдігіміз – жалқаулық та, артық болатыны – қолдағы барын қызғыштай қорғай білетіні, – дейді кейіпкеріміз жанашырлық танытып.
Осыдан бірер апта бұрын егілген қаламша қазірдің өзінде көктеп-көгеруде. Бостан ағамыз саябақты түрлендіруді алдын ала ойлапты. Шие, қараөрік, қарақат, итмұрын сияқты жеміс ағашымен қоса, терек, үйеңкі отырғызған. Барлығы 60 түп.
– Осы 60-пен тоқтап қалмаймын. Әрі қарай да тал егуді жалғастыра беремін. Осы бастаманы ойлап жүр­генмін. Сәті енді түскендей. Ата-баба­мыздың құтты мекенінен ешқайда көшпек емеспіз. Мақсатым – туған жерімді түлету. Көшетті ағайын-туыс, көрші-көлемнің қорасында тамырлап тұрған жерінен сұрап алудамын, – дейді Б.Қожахметұлы.
Түйін:
Біз саябақты аралап жүргенімізде Бостан ағамыз бір жарым жас­ар Дарын атты ұлымен кезекті тал көшетін отырғызып жатты. Сәбидің жүзі бал-бұл жанады. Кішкентайлығына қарамастан әкесінің қажетіне жарап қалғанына өзі де мәз-мейрам. Ал, жеміс ағаштары күтімі жақсы болса 3-4 жылда жемісін бере бастайды. Вандалдардың арам қолынан аман тұрса, бағбан еккен мәуелі ағаштың жемісін жейтін күн қазір-ақ келеді.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».

03 сәуір 2019 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031