» » ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Жосалы кентінің әкімшілігінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Кездесудің мақсаты-Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарған және Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек әрі батыл қаһарман жауынгер ағаларымыздың ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Шарада Жосалы кентінің әкімі Сыдықов Шыңғыс Әбділәмитұлы Ауған соғысының ардагерлерін қабылдап, интернационалист жауынгер Медешов Әділханды және «Қармақшы таңы» газеті бас редакторының орынбасары Жанәділов Нұрбайды Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапаттап, Жосалы кентіндегі Ауған соғысына қатысушы жауынгерлерге Алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады. 
Сонымен бірге Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің артында қалған ұрпақтары мен туған-туыстарына естелік қабырға сағаты мен Алғыс хатпен марапаттады.

Шара барысында Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев және Ауған және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ерманов, Ауған соғысының ардагері Ә.Медешов, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің отбасы атынан К.Айсауытова, Б.Өміров және А.Жыңғылбаевтың жары Г.Кемелбаева жиналған жұртшылыққа жылы лебіздерін білдірді. 
Шара соңында аудандық мәдениет бөлімінің көркемөнерпаздары мерекелік ән-шашуын арнады.
27 ақпан 2019 ж. 2 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 834
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 556

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930