» » ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛҒАН ЕРЛІК

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛҒАН ЕРЛІК

Ержүрек азаматтардың ерлігін тереңінен насихаттауға, жас ұрпақты елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында №109 орта мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Алмат Садықовтың ұйымдастыруымен «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.


Жиынға ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім айқасқан қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен жерлесіміз ауған соғысының ардагері Сәбит Қанибаев пен аудандық ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбутәліп Жолмағамбетов қатысты. Кешті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдырбек Сәденов ашқан соң, мектеп мұғалімі Алмат Садықов ауған соғысының ақиқаты жөнінде тақырып қаузады.
Оқушылар кеш барысында Ауған соғысынан елге оралмай, сол елде 1979-1989 жылдар аралығында қаза тапқан сарбаздар рухына тағзым етіп, үнсіздік жариялады. Сондай-ақ, кеш қонақтары байтақ елдің тыныштығын бұзған Ауғанстандағы сұрапыл соғыста басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.

В.Сүйеубаева,
№109 мектеп.
06 ақпан 2019 ж. 4 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728