» » » ЕРЛІККЕ ҰМТЫЛҒАН ЕРЛЕР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІККЕ ҰМТЫЛҒАН ЕРЛЕР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

 Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды.
Қаза тапқандардың ата-ана­лары, жақын туыс­тары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүрегінде мәңгі сақтайды. Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген бауырларымызды еске алар күн! Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін – тарихи күн! Тағдырлы күн! Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі ауған елінен біржолата әкетілді. Елімізде сол күннен бастап осы күнді «Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні» болып есептеледі. Бүгінде арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де бар.
Осыған орай аудандық «Жастар» аллеясында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 29 жылдығына арналған тағзым алаңында іс-шара өтті. Мәңгілік алау мемориалындағы тағзым ету рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов қатысты.
– Соғыстағы әрбір командирдің арманы тек қана жеңіс десек, ол үшін аздап қан төгу керек, ал бүгінгі еңбек майданында Тәуелсіз Қазақстан үшін тер төгіп, арымызды аяқасты етпей, бастарын бәйгеге тіккен азаматтарымызға басымызды иемізін, – деді Ә.Қошалақов.
Бейбіт өмірге жете алмай, ауған жерінде қан кешіп, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыздың рухына бас иіп, қол жайып, Құран бағышталып, ескерткіш басына гүл шоғы қойылды.
Шараның жалғасы «Ауған асуында от кешкендер» атты концерттік бағдарламамен аудандық мәдениет үйінде өз жалғасын тапты. Сұм соғысқа қатысқан Ә.Мырзабекұлы, Б.Тұрашұлы, М.Әбдіразақұлы, Ә.Медешов, Қ.Құлмаханұлы, С.Аязбекұлы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Шараға қатысушылар, арамызда жоқ интернационалист – жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Үстіміздегі жылдың 10-11 ақпан аралығында аудандық дене шынықтыру, спорт және білім бөлімімен бірлесіп ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай аты аталған жауынгерлерді еске алу мақсатында мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиадасы болып өтті. Спартакиада спорттың 10 түрінен өткізіліп, жарысқа аудандағы жалпы білім беретін мектептерден 300-ден аса спортшы қатысқан. Шара барысында жеңіске жеткен командалар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Бұл күн біздер үшін қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек!
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы»
22 ақпан 2018 ж. 1 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031