» » ЕРЛІКТІ ҰЛЫҚТАЙДЫ БҮГІНГІ ҰЛАН

ЕРЛІКТІ ҰЛЫҚТАЙДЫ БҮГІНГІ ҰЛАН

Өткен сенбі күні Омар Шораяқұлы атындағы №30 және Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан мен КСРО арасындағы 10 жылға созылған соғыстың аяқталғанына 29 жыл толуына орай және сол соғыста қаза болған жерлестеріміз Нұрлыбек Айсауытов, Әнуарбек Өміров, Рақымжан Доспанов, сонымен қатар соғыс зардабынан қайтыс болған Алтай Жыңғылбаевты еске алу мақсатында мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі аудандық спартакиада жалауын желбіретті.
Спорттық шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Ермановтар КСРО мен АҚШ мемлекеттері арасындағы солақай саясаттың салдарынан өткен соғыстың екі елге тигізген зардабы, сонымен бірге ауған жерінде интернационалдық борышын атқарған жерлестеріміздің ерлігі жайлы естеліктер айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен жас спортшылардың да асыға күткен жарысы да басталды. Күнұзағына аталмыш екі мектепте ауданымыздың барлық елді мекенінен жиналған жас жеткіншектер спорттың 10 түрі бойынша өзара бақ сынасты.
Қызықты да тартысты өткен спартакиада қорытындысымен жалпы командалық есепте 111 ұпай жинаған Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп споршылары жарыс жеңімпазы атанса, жүлделі ІІ орынды Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп, ал ІІІ орынды Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей құрама командалары иеленді.
Сонымен қатар, спортшылар арасында жекелей спорт түрлері бойынша, атап айтқанда қол күресінен Төретам кентіндегі №85 орта мектеп қолкүресшілері жеңімпаз атанса, гір тасын көтеруден ІІІ Интернационал ауылындағы №108 мектептің спортшылары І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, үстел теннисінде №30 орта мектеп сайыпқырандары жасындай жарқырап, бас жүлдені иемденсе, жас дойбышылар сайысында №113 орта мектеп спортшылары барлық қарсыласын ұтып, жеңістің биік тұғырынан орын алды. Ал, тоғызқұмалақшылар сайысында №85 орта мектептің жас біліктілері жеңімпаздар көшін бастаса, АК-74 автоматын шашып-жинау жарысы нәтижесімен №26 құрамасы І орынды, АК-74 автоматының оғын жинау сайысында да №26 орта мектеп құрамасы өздерінің мықтылығын танытып, І орынға көтерілді.
Сонымен бірге, пневматикалық автоматтан ату жарысында әділқазылар шешімімен өзге әріптестерінен оқ бойы алға шыққан №183 орта мектеп командасы сайыс жеңімпазы деп танылса, қызықты да тартысты сәттерге толы өткен волейболшылар жарысында Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің ұл-қыздары көшбасшы атанды.
Сондай-ақ, баскетболдан ерлер арасында өткен жарыста ұйымшылдық танытып барлық қарсыласын ұтқан Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектептің жас баскетболшылары жарыс жеңімпазы атанса, қыздар арасында өткен жарыс қорытындысымен І орынды №250 мектеп-лицейі жеңіп алды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
15 ақпан 2018 ж. 2 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 777

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031