Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 29 жыл толып отыр.
Сынаптай сырғып уақыт өтсе де, ерлік ескірмейді. Оларға тағзым етіп, еске алу болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс. Сол жылдары етігімен қан кешкен жауынгерлер қашан да құрметке лайық және ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Бүгін аудан орталығындағы «Жастар саябағында» Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жерлестерімізге арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым етумен басталған шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Әділ Үсенұлы сөз сөйлеп, ауған соғысы ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттарын тапсырып, Ауған жерінде қаза тапқан жауынгер-интернационалистердің отбасыларына сый-сияпаттар жасады.
Сонымен бірге, ауған соғысының ардагерлері атынан сөз алған Асқар Ерманов естеліктер айтып, игі лебізін жеткізді.
Әрі қарай салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
16 ақпан 2018 ж. 3 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31