Ардагерлерді ардақтайық
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов, аудандық мәслихат депутаттары А.Үсенов, Б.Нысанбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, партия қызметкерлері, ауған соғысының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов қандай бір ел болмасын, қандай бір қоғам болмасын партиоттардың атын шығарып, даңқын арттырды. Ауған соғысы сол кездегі кеңес үкіметінің шешімімен туындаған. Міне Сіздер сол кезде отан алдындағы борышымызды өтейміз деп бардыңыздар. Ол соғыстың өз ерекшеліктері болды. Сіздер елге келгеннен кейін түрлі салада еңбек етіп, ерлік пен елдіктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Кейінгі ұрпақтың, жастардың, оқушылардың арасында болып түрлі шараларға қатысып, егемен еліміздің партиоттарын тәрбиелеуде өз үлестеріңізді қосып келесіздер дегшен өз пікірін білдірді. Сонымен қатар сөз соңында аудандық мәслихат депутаттары ерлік пен батырлықтың, отансүйгіштіктің, көзсіз жанкештілік пен төзімділіктің символы болып табылатын Ауған соғысының отты жылдары бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп отырған ұрпаққа өшпес өнеге болып табылатын жауынгерлерді мерекелерімен құттықтап лебіздерін білдірді.