ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫ АТАП ӨТІЛДІ
Ел тарихындағы айтулы қасірет әкелген Ауғанстандағы әділетсіз соғыс сан мыңдаған азаматтарымыздың жас өмірін қыршыннан қиды. Ауданымызда 80-ге жуық жерлесіміз қанды майдан жүріп жатқан Ауған жерінде болып интернационалист жауынгер ретінде соғысқа қатысқан еді.
Қазіргі таңда олардың 42-сі әр түрлі қызметтерде еңбек етуде.
Жастар саябағында ауған соғысында қаза тапқан ардагерлерімізге арнап орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, марқұм болған кісілерге құран бағышталды.
Аудандық мәдениет үйінде «Отты жылдар сыр шертеді» атты аудандық еске алу кешімен жалғасты.
Еске алу кешінде аудан әкімі С.Ы.Мақашов ауған соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады. Сонымен бірге, Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай 350 ге тарта спортшы қатысқан спорттық жарыстың жеңімпаздарын марапаттады.
1. Жалпы командалық есепте ІІІ орын алған №250 мектеп-лицейінің командасы
2. Жалпы командалық есепте ІІ орын алған №26 мектептің командасы
3. Жалпы командалық есепте І орын алған №30 мектептің командасы
Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауангерлеріміздің отбасына естелік сыйлықтар табысталды.