» » Сексеуіл - табиғатқа жан бітіреді

Сексеуіл - табиғатқа жан бітіреді

Табиғат - жаратылыстан Алланың керемет өнер туындысының бірі. Оған дәлел күні бүгінге дейін азамат баласының тұмса табиғаттың терең сырын зерттеп, қызығушылығының басылмауында. Сондай бір ерекше ғаламат дүниесінің бірі - сексеуіл. Сексеуіл діңі мен бұтағы бұралып өсетін, шөлге төзімді, морт сынғыш, ағаш тектес өсімдік. Бір қарағанда жапырақсыз, қуарған бұл ағашты бұқараның бірі - білсе, бірі - білмес қасиеті мен тарихы сонау ертеден бастау алған. Халық игілігінде сексеуілді отын ретінде қажетіне жарату, жылу беретін шоғы маздап ұзақ уақыт сақталатынымен ерекшеленеді. Соңғы уақытта халық көп шоғырланған аймақтар мен елді мекендерде ағашты кесу, оны түп тамырымен қопару секілді залал келтіру нышандары кең етек алып отыр. 2004 жылғы 23 сәуірдегі №460 қаулыны басшылыққа ала отырып, ҚР Мемлекеттік орман қорғау учаскелерінде қылқанжапырақтылар мен сексеуіл тектестерді қорғау жөнінде ағаш кесу және оны пайдалануға тыйым салынды.
"Ағаш бар жерде, тіршілік бар" деп дана халқымыз бекер айтпаса керек-ті. Құдіреті мен қасиетін замандар бойы сақтап, діңі мен діңгегін өмір қажетіне айналдырған сексеуілдің қадіріне жетіп, қолда бар алтынды бағалағанға не жетсін. Ғасырлар тоғысында ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен сақталуына біртұтас қауым болып атсалысайық, ағайын.
Ғ.Есмаханов,
"Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман шебері.
21 тамыз 2019 ж. 2 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930