» » ОРМАН-ТОҒАЙДЫ ҚОРҒАЙЫҚ

ОРМАН-ТОҒАЙДЫ ҚОРҒАЙЫҚ

Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың батысында, Сарысу өзені бойының ор­талығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу өзені мен Мо­йынқұмның аралығында та­рал­ған. Ақ сексеуілді орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңі­регі мен Қызылқұмда өседі. Сексеуілді орманның құмды ал­қаптардың жылжуын тоқтатуда маңызы зор және қой, түйе үшін қысы-жазы жақсы жай­ылым. Қармақшы ауданының жал­пы жер көлемі – 3104000 гектар бол­са, оның ішінде "Қармақшы орман және жануарлар дүнесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ-нің мемлекеттік орман қоры жері – 435283 гектар жерді құрайды. Осыған орай, мекеме бойынша орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары жүргізіліп отырады. Орман қоры жерінің сексеуіл екпелерін молайту бағытында жыл сайын қара сексеуіл тұқымы себіліп, оны қорғау жұмыстары атқарылып отырады. 2018 жылы орман заңдылығын бұзушылықтар бойынша 6 жағдай тіркелді. ҚРӘҚБтК-нің 138, 370, 387 бабының 1 тармағына сәйкес 5 хаттама толтырылып, табиғатқа кел­тірілген залалы 50500 теңге толығымен өндірілді. 1 жағдай бойынша заңсыз сексеуіл ағашын кесу фактісіне акт тол­тырылып, Қармақшы АПБ-не құ­жат­тары өт­кізілді. 2019 жылы орман заң­ды­лығының бұзылуының басқа да түр­лері бойынша 6-жағдайға хаттама толтырылып, 55550 теңге айыппұл және табиғатқа келген – 15150 теңге залалы өндірілді. 2-жағдай бойынша заңсыз сексеуіл ағашын кесу фактісімен акт толтырылып, Қармақшы АПБ-не құ­жаттары өткізілді.
Қазақстан Республикасының ­мем­­­лекеттік орман қоры учас­ке­леріндегі сексеуіл екп­елерінде ағ­аш кесудің барлық түріне 2023 жылдың 31-желтоқсанына дейін тыйым салынды. Ауданымыздағы табиғатты қорғау және күзету бағытында жұмыс жасайтын меке­ме­лердің бірі – «Қармақшы ор­ман және жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Жергілікті та­биғатымыздың флорасы мен фаунасын қорғау мен кү­зетуді жоғары қоятын бұл мекеме қызметкерлері бүгінде тынбай еңбек етуде. Өрт қауіпті кезеңінде орман өрттері жиі өршиді. Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмау мақ­сатында ауылдық округтерде бір­лескен ерікті өрт жасақшылары құ­рылды. Осы абайсызда орын алатын өрттің салдарынан орманға қандай үлкен зиянды өрттер әкеледі: ағаштар, құстар, аңдар қырылып, топырақтың үстіңгі қабаты жанып кетеді, онымен қоса пайдалы жәндіктер мен ми­к­­роағзалар да жоғалады. Орман өрттерінің басым көпшілігі адамдардың отты қауіпсіз қолдануынан және орманда жұмыс істеген кезде немесе де­малған жағдайда өрт қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұзуынан туындайды. Сондықтан табиғаттың берген сыйын тиімді пайдаланып, оны қорғап сақтап қалу баршамыздың міндетіміз. Табиғатты аялайық ағайын.
Орман өрттерінің басым көп­шілігі адамдардың отты қауіпсіз қолдануынан және орманда жұмыс істеген кезде немесе демалған жағдайда өрт қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұзуынан туындайды.
«Қармақшы орман және
жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемесі»
ком­муналдық мемлекеттік мекемесі.
27 мамыр 2019 ж. 2 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930