» » Сексеуіл кесуге тыйым салынады

Сексеуіл кесуге тыйым салынады

Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді.Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10-11 метрге дейін таралады. Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, қабыршық тәрізді. Сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Жемісі қанатты жаңғақша, оның пісіп жетілу мерзімі қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіледі. Тұқымнан көбейеді. Жалпы айтқанда, иір-иір болып өсетін және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтін, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Сексеуіл ағашы қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап тұруда ерекше рөл атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерін тоқтатады. Сексеуілді қорғаныш ететін жан-жануарлар мен жән­діктер қаншама. Дала сұлуы киіктердің де өсіп-өнуіне сексеуіл тоғайлары өте қолайлы.



ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес ҚР аумағында 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін сексеуіл ағашын кесудің барлық түріне тыйым салынған. Алайда, сексеуілді қорғау бағытында құзырлы органдардың атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесінде қаншама заң бұзушылар құрықталып тиісті жазасын алса да, заңсыз кесу жағдайлары өкінішке орай тоқтамауда.
Ұрпағымыздың болашағы үшін барша­мыздың атсалысуымыздың арқасында қазақ даласының байлығын сақтап қалуға болады деп есептейміз.
«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі»
КММ-сі.
20 қыркүйек 2018 ж. 3 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930