«ШАБАҚ ҚҰТҚАРУ» ШАРАСЫ
Аймақтағы барлық күріштік алқаптардың суын тарту жұмысы барысында онда қалып қойған балық шабақтарын құтқару мақсатында облыс әкімдігінің 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің іс-шара жоспары аясында аудандағы барлық күріштік алқаптарға баратын қаналдар мен күріш атыздарында қалған шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Міне, іс-шара барысында «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Әділ Алтынбаев басшылық ететін балық құтқару бригадасымен бірге «Қазсушар» мекемесінің маманы Әби Әбдиев пен көл пайдаланушылар, атап айтқанда Сейдәмхан Бәйменов, Жамбыл Қосбергенов, Бекмұрат Ахметов, Болат Үкенов, Болат Ермахановтардың қатысуымен «Жаңажол» ЖШС-не қарасты, «Сексеуіл», «Бидайарық», «Байқожа» каналдарында қалып қойған шабақтарды «Төлеген», «Бұқабай», «Домалақ», «Тұз көл», «Меңей», «Лай көл» және басқа да көлдерге жіберу шарасы ұйымдастырылды.
– Бұл жыл сайын атқарылып келе жатқан дәстүрлі шара. Мұндай игілікті іске аудандағы барлық көл пайдаланушылар мен шаруашылық құрылымдары белсене араласуда. Өткен жылы аудан бойынша күріштік каналдарында іс-шара бойынша 24 мың шабақ, ал биыл аталмыш шара аясында 32 мың шабақ құтқарылды. Оған бүгінгі атқарған жұмысымыз дәлел.