» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРМАН ӨРТТЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ӨРТ – ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРМАН ӨРТТЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ӨРТ – ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері орман шаруашылығы аумағында өрт-тактикалық жаттығу өткізді. Өрттің аумағы үш гектарды құрады. Жел салдарынан орман алқаптарына өрттің тез таралу қаупі төнді. Инспекция қызметкерлерінің күш пен құралдары өртті сөндіруге жеткіліксіз болды. Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімдері көмекке келді.

  Оқу-жаттығу орнында бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіретін өрт сөндіру жедел штабы жұмыс атқарды.
  Жаттығудың негізгі мақсаты: өрт сөндіру қызметі мен аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекция қызметкерлері арасында өзара іс-қимылды жүзеге асыру, жеке құрамның жауынгерлiк дайындығын пысықтау, арттыру, орман өртін сөндіру бойынша міндеттерді орындауға қабілетті күштер мен құралдарды анықтау болды.
  Жаттығуға барлығы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 35 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Аумақтық орман және аңшылық шараушылығы инспекциясынан екі өрт автоцистерна, трактор және 24 қызметкер қатысты. Шартты өртті сөндіруге ерікті өрт сөндіру жасағынан 20 адамы тартылды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі   


15 мамыр 2018 ж. 1 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031