» » Жабайы аң-құстарды және орман байлығын сақтап қалайық!!!

Жабайы аң-құстарды және орман байлығын сақтап қалайық!!!

"Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жасаған жос­парына сәйкес біршама шаруа атқарылуда. Негізгі жұмысымыз аңшылық және орман тәртібін бұзушылар мен браконьерге қарсы күресті күшейту болған соң оларға уақытылы шара көру, алдын алу барысында жұмыс істейміз.
Киікті атушылар мен оны жазықсыз қуалап мекенін өзгертуге әкеп соқтырудың салдарынан киік саны азаюда. Осындай себептерден Қазақстанда киікті атуға тыйым салынған. Олардың азайып кетуіне түрлі себептер бар. Солардың ішінде аң аулаушылармен браконьерлердің кінәсін ерекше атап өту керек. Бұрын киелі киікті еті үшін атып алатын болса бүгінде қымбат болған мүйізі үшін де аулайтын болды. Қазақ халқы киікті киелі аң деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар (ол рас). Киіктің қаншалықты киелі екенін, кім білсін, бірақ бұл жануар өте ақылды қандай ортада болмасын тез бейімделіп кететін жануар.
Қырғауыл. Алла тағала құстарды барынша әдемі етіп жаратқан. Олар бірінен-бірі ерекшелене және бірін-бірі толықтыра келе табиғатқа ерекше көрік береді. Құстардың ішінде әдемісі – қырғауыл. Қырғауыл тұқымының түрі көп. Азия аумағында мекендейтін қарапайым қырғауылдың (Phasianus colchicus) отызға жуық түрлері бар. Оларды бір-бірінен қанаттарының бояулары арқылы ажыратуға болады. Қырғауылдың жалпы дене тұрқы тауыққа ұқсас келеді. Тек бір айырмашылығы тауыққа қарағанда құйрық жүндерінің әлдеқайда ұзын келетіндігі. «Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» деп бекер айтылмаса керек.
«Шөл даланың падишасы» атанған сексеуіл елімізде қатты азайып кеткен және ерекше қорғауды қажет етеді. Жылда қаншама гектар жерге сексеуіл дәні себіледі, бірақ тамыр алып көктеп кетуі біраз уақытты қажет етеді. Өйткені, табиғи түрде өсіп-өніп жататын дала өсімдіктері тым сиреп қалған соң, құла түздегі азынаған желге қалқан бола алмай қалды. Салдарынан жаңа себілген дән жерсінбей жатып желге ұшады. Рас, көмір қымбаттап, нарықтың қыспағы жағадан алған жылдары сексеуілге жаудай тигендер оны тамырымен қопарып тастады. Балтаның тісі батпайтын қатты отынды көбірек олжалағысы келгендер тракторға трос байлап, жас шыбығына дейін дымын қалдырмай отады. Жусаны жұпар шашып, жыңғылы гүл ашатын, сексеуілі ән салдырып, табиғаты тамсандыратын тамаша мекен адамдардың қатыгездігінен осылайша «ит байласа тұрмайтын» тоқырау төбеге айналып кетпесіне кім кепіл?!
Өткен жылы "Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің табиғат қорғаушылары біршама жұмыс атқарды. Орман және аң-құс аулау заңдылығының бұзылуын болдырмау мақсатында мекеме бойынша заңсыз аң аулаған 4-жағдай тіркеліп, ҚРӘҚБтК-нің 382 бабының 1-бөлігімен 24050 теңге айыппұл салынды және табиғатқа келтірілген 42087 теңге 50 тиын залалы өндірілді. Орман заңдылығын бұзу бойынша 5-жағдай тіркеліп, 50505 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 2019 жылы кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды (сексеуіл) заңсыз кескен 2-жағдай тіркеліп, тиісті құжаттар толтырылып, аудандық Полиция бөліміне тиісті шаралар көрілу үшін тапсырылды. Сонымен қатар аң аулау заңдылығының бұзылуы бойынша 2-жағдай тіркелді. ҚРӘҚБтК-нің 382 бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, 25250 теңге айыппұл салынып, 37875 теңге табиғатқа келтірілген залалы өндірілді.

К.ӨТЕГЕНОВ,
"Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі" КММ-нің орман шебері.
04 наурыз 2019 ж. 2 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031