» » Қоғамның жегі құрты

Қоғамның жегі құрты

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұл қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетіс­тіктеріміз де аз емес. Алайда, шешімі табылмай тұрған мәселелер де бар, оның бірі – сыбайлас жем­қорлық. Елімізде бұл мәселеге қатысты арнайы заңдар қабылданып, қыруар жұмыстар атқарылып жатса да, бұл мәселе толық шешімін тапқан жоқ.
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсы­лықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтар­лықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру секілді қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайты үлкен қылмыс ретінде саналатын қоғамдық сана болып қалып­тасуы қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды болдырмау мақсатында «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік меке­месі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіменде біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, баспасөз беттеріне мақалалар жарияланып, мекеме қызметкерлері арасында жиналыстар өткізіп тұрады. Мекемеде көрнекі жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат парақшалары ілініп, арыз-шағым жәшігі жұмыс жасауда.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақ­стан Республикасының барлық азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ» КММ.
22 қазан 2018 ж. 2 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031