» » ЖЕМҚОРЛЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА ЕМЕС

ЖЕМҚОРЛЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА ЕМЕС

 
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елімізде ең  күрделі мәселесі болып отыр.  Сыбайлас жемқорлық қандай да бір мемлекеттің саяси және қоғамдық дамуына  айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.  Елбасы Қазақстан  халқының әлеуетін арттыру мақсатындағы жыл сайынғы Жолдауларында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болып кел жатқанын  ерекше атап айтып келеді. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. осы ретте, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында елімізде қабылданған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңның маңызы зор. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, сонымен бірге қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Бірақ, әрбір қазақстандық  өз құқығын, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолын білуі тиіс.  Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе.сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіннеі  күмән жоқ. сондықтан да тәуелсіз еліміздің  жүргізіп отырған саясатының негізгі басымдықтарының  бірі – осы  зұлымдықпен  күресу  болып  табылады. осыған байланысты,  үкімет сыбайлас жемқорлыққа жол беретін коррупциогендік факторларды жою және олардың алдын алу мақсатында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жаңа деңгейге жеткізуге мүмкіндік беретін жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сыбайлас жемқорлықтың түбірі адам факторынан туындайтынын ескерер болсақ, бұл ретте мемлекеттің басты мақсаты – дөңгелек үстелдер мен  семинарлар өткізу және де сол арқылы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына төзбеушілік атмосферасын  қалыптастыру және сенім телефондары,  жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері  үшін пошта жәшігінің жұмыс істеуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты келеңсіздіктерді жоюға өз септігін тигізіп отыр. Расында да,  іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осы ретте, қоғамымызда  бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. өйткені, мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесіндегі түрлі процестердің реттеушісі болып табылады.  Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес, жоғарыдам айтқанымдай, мемлекеттік органдарда қызмет жасайтын қызметкерлердің, тіпті тәуелсіз қазақстан республикасының әрбір азаматының парызы деп түсінгеніміз  жөн. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі, тіпті  әрбір қазақстандық азамат өзінің жан-дүниесін ұдайы таза әрі адал ұстауы тиіс. сонда ғана олар қоғамның сенімін ақтап, ел экономикасының дамуына үлес қосқан болар еді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Зәуреш Маханбетжанова,
аудандық архив қызметкері.
16 наурыз 2018 ж. 1 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031