Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – басты міндет

Қазіргі уақытта, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасаудамыз. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.
Сондықтан, Призидент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсеткен болатын.
Осыған сәйкес, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан жыл басынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жоспары» бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар орындалуда. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлеріне құқықтық оқу жоспарына сай ҚР-ның Заңдары талаптарын түсіндіруі және меңгеруі міндеттелсе, бөлімде арнайы тіркеу журналына сай «Сенім телефоны» (2-31-08) жұмыс жасайды және жеке заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі бөлімде орналастырылған және Ережеге сай күнделікті комиссия мүшелерімен ашылып, акт жасалып отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп қағидаларын сақтау және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған салалық бағдарламасы тұрақты түрде бақылануда.
Бөлімде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жалғасын таба беретін болады.
Ж.Жұмабаев,
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы