» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әр адамның парызы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әр адамның парызы

Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Осындай мақсатта «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында «Теміржол» бастауыш партия ұйымы, «Орман шаруашылығы» топтық ұйымының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Отырысты аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып, халықта сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тудыру, халыққа билік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдап отырған шараларды ақпараттандыру туралы жобаның мақсатымен таныстырып, сонымен қатар партиялық жоба аясында да көптеген іс-шаралар, рейдтер, отырыстар өткізіліп отырғандығын да атап өтті. Отырыс барысында орман шаруашылығы қызметкерлері Елбасымыз «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» дегендей, «қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет»- деп бір ауыздан пікірлерін білдірді.
05 сәуір 2018 ж. 2 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 175
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031