» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы болып өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы болып өтті

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысты кеңес төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов жүргізді. Күн тәртібінде «Қармақшы аудандық Әділет басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың» 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы туралы» тақырыбында басқарма басшысы Н.Асанова хабарлама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы, кеңес мүшесі Ә.Құлдүйсенов, «Ұлт бірлігі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кеңес мүшесі Ш.Құндақбаев, «Аудандық әйелдер кеңесінің» төрайымы, кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, кеңес мүшесі Б.Нысанбаев, Аудандық «Қармақшы таңы» газеті бас редакторының орынбасары, кеңес мүшесі Н.Жанәділовтер хабарламашыны тыңдап, комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін назарға алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алудағы атқарып жатқан жұмыстарының оң тәжірибесін атап өтуді шешіп, жоғарыда жасалған күн тәртібіндегі хабарлама бойынша нақты шаралар атқару үшін қаулы қабылданды.




30 наурыз 2018 ж. 1 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930