» Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақс­танның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатады. «Береген қолым алаған» деп алақанын ысқы­лайтындар қоғам дамуына тұсау. Сон­дықтан бұл тұрғыда күрестің мән-маңызы жоғары.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік- эконо­мика­лық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяу­лататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сыбай­лас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін­дігі күмәнсіз. Сондықтан Қа­­зақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлым­дықпен күресу. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қысты қарауға бұрынғы өткен ата-бабаларымыз жол бермеген. Дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұстанымды ту еткен. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткенін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа билер мен шешендердің өмірі дәлел болатынын тарихтан жақсы білеміз.
Өткенге көз салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясат­ының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне ба­ғыт­талған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің бірт­ұтас­тығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселден айығуды міндет етіп қойды.
Ол жол – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы­ның бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - барлық Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Отан-Ана алдындағы борышы деп білу керек. Осы бағытта аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде іс-жоспар жасалып, бөлім қызметкерлері жыл сайынғы тапқан табысы, өздерінің мүлкі туралы декларация туралы салық басқармасына мәлімет береді. Сонымен қатар, жыл басында жасалған кестеге сәйкес құқықтық оқу сабақтары жүргізіледі. 2018 жылдың 7 айында жеке тұлғалардан 17 өтініш, заңды тұлғалардан 1 өтініш тіркеліп, барлығына уақытылы жауап берілді. Бөлімде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі, сенім телефоны және бөлім басшысының жеке қабылдау кестесі орналастырылған.
Сонымен қатар, бөлім арқылы мем­лекеттік көрсетілетін қызметтердің тізі­ліміне енгізілген мемлекеттік қыз­мет­те­р -­­­­­дің стандарттары мен регламенттері көрнекі орынға орналастырылып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру мақсатында мемлекеттік қызметті көрсетуге және сол бойынша есептіліктің тапсырылуы мен мерзімдерінің сақталуына жауапты қызметкерлерді бекітіп, атқарып жатқан жұмыстарына қатаң бақылауға алынды.
Бөлім қызметкерлері өз қызметінде «Әдеп кодексі» мен «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 12 бабында көз­делген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы нормаларын қатаң сақтайды. Қызмет­кер­лер арасында орын алған жат қылық­тар тіркелген жоқ. Бөлім алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның ал­дын-алу жұмыстарын жалғастыра береді.
Ж.ЖОЛМАХАНОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.
---
20 тамыз 2018 ж. 3 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031