» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен бел алып қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Оның кез келген көріністері қоғамның барлық саласына өзінің келеңсіз әсерін тигізеді. Ал осы көріністерді туындатқан салдарлар мемлекеттік үдерістің қарышты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ, мемлекет билігінің беделіне нұқсан келтіреді. Құқықтық демократиялық мемлекет құрудың принциптерін бұзып ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп туғызады.
Сыбайлас жемқорлық ұғымымен жалғыз пара алуды ғана баламалауға болмайды, өйткені бұл қылмыстың осы түрінің көп көріністерінің бірі ғана. Қазіргі сыбайластық - өзінің жеке мүддесі үшін заңды айналып өту жолымен материалдық және заңдық артықшылықтар алу. Ол мемлекеттік билік пен басқару органдарында неғұрлым қауіпті, мұндай жағдайда әкімшілік ресурстар мен әр түрлі қылмыстық құбылыстар өз-өзінен ұласып кетіп барады.
Біз күнделікті қызмет барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарының қойылған талаптарын қатаң сақтап, мүлтіксіз орындап, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің оны бұзуына жол бермеуіміз керек. Елдігімізге мемлекеттік құрылысқа елеулі қатер төндіріп отырған сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда қауіпті әлеуметтік құбылысқа айналып отыр.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Осы тұста айта кететін мәселе ол тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сауатының кемшік түсіп жатуынан. Сыбайлас жемқорлық сияқты ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңуге керек.
Осы жағдайға байланысты қазір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіліп жатқаны туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар ақпарат құралдарында сенім телефондары жарияланып тұрады.
Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Осы саясатты ұстанып «Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Заң талаптарына сай жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сай біршама жұмыстар атқарып келеді.
Архив мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін саланың бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырып тұрады. Мекемемізде семинарлар, кездесулер, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар мекеме ғимараттың бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қабылдау үшін жәшік орналасқан және сенім телефоны 2-21-88 жұмыс істейді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай біз мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты жақтап, оның орындалуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл үздіксіз процесс. Сондықтан алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықпен күресті пәрменді жүргізе береміз.
Есептегі уақыт аралығында «Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзушылықтар болмаған.
Нұржан Аяғанов,
Қармақшы аудандық архиві ақпараттық технология инспекторы
30 шілде 2018 ж. 2 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031