» » Бағбан директор

Бағбан директор

qarmaqshy-tany.kz Ұстаздардың ішінде еккені еккендей бітік шығатын бағбандар да бар. Оған дәлел – Ақжар ауылындағы №28 мектептің директоры Амантұр Оспанов. Ол алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. 1986 жылдан бастап жолдасы екеуі ұстаздық етеді. Былтырдан бері мектеп директоры болып қызмет атқарады. Төрт перзент өсіріп, қазіргі күнде алты немере сүйіп отырған үлгілі отбасы. Бір қызығы бұл отбасының ұл-қыздары, келін-күйеу баласы да ата-ана жолын жалғаған ұстаздар. Амантұр ағайдың сүйікті ісі – бау-бақша егу. Ол өз ауласында түрлі жеміс ағашын, атап айтар болсақ, алма, алмұрт, өріктің бірнеше түрі, жиде, шабдалы, шие, жүзім өсіріп баптайды.
– Бала кезімнен бақша өсіргенді ұнатамын. Оның үстіне зайыбым Жетісай қаласының тумасы. Ерте көктемнен қолымыз қалт етсе бақшамен айналысамыз. Күнделікті қияр, асқабақ, қызанақ, болгар бұрышы, сәбіз, қызылша, аскөк, хрен секілді көкөністерді бақшамыздан аламыз. Маңдай тер, адал еңбекпен келген нәрсенің барлығы әрдайым таза. Ешқандай химиялық қоспасыз таза өнім тұтынғанға не жетсін! Ауылда отырып төрт-түлік ұстамау мүмкін емес. Ақ көйлек, галстук тағып мектепке барсақ, үйге келгенде қолымыздан кетпен-күрегіміз түспейді, – деді сегіз қырлы, бір сырлы мектеп директоры.

07 қазан 2019 ж. 2 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930