» » Кәсіптің мәні – еңбекте

Кәсіптің мәні – еңбекте

Ауылдан қалаға жүгіріп, дайын ас іздемегеннің бірі – Темірбек Бұқпанов. Ол Төребай би ауылындағы орта мектепті бітіре салысымен бақша егуге ден қояды. Көзін еңбекпен  ашқан азамат 2017 жылға дейін басқа шаруа қожалығынан жалға жер алып, өзі де арасында жалданып жұмыс істейді.
Екі жыл бұрын Темірбек Айбергенұлы "Төкен ата" шаруа қожалығын ашып, жұмыссыз жерлестері мен отбасындағы бауырларын осы жұмысқа тартады. Қазір шаруа қожалығына қарасты 150 гектар жердің 10 гектарына бес ағайынды бақша егіп, қыстың қамына ерте көктемнен-ақ кірісіп кетеді.
– Қожалық қарамағында Бақытбек Бұқпанов, Амангелді Өтемұратов, Рақымжан Есжанов секілді жігіттер бар. Көктемнен жер жыртып, өнім егуге дайындаламыз. Суарумен айналысамыз, отағын жұламыз. Жер – Ананы күтіп баптасаң, берері көп қой, – дейді шаруа.
Қожалықта жылда табысты еңбек майданы. Биыл да сол үрдіс қайталануда. Шаруашылық карбыз, қауын, асқабақ, картоп, сәбіз, қызанақ, басқа да бақша дақылы мен көкөністің бірнеше түрін егіп, одан жеткілікті көлемде өнім жинауда. Негізінен алған өнім Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті, сондай-ақ Ақай ауылына саудаланады.
Шаруаның айтуынша, өнім көтерме бағада келілеп өткізіледі. Қазір әміренің бір келісі – 100 теңгеден. Қауын-қарбыздың көлеміне қарай нарқы белгіленеді. 200 теңгеден басталып 600 теңге аралығында. Түскен табыс күнкөріске, отбасы мүшелерінің ішіп-жеміне толық жеткілікті. Сонымен қатар жалға техника алуға да мүмкіндік бар.
Қожалық жетекшісінің келешекке жоспары жетерлік. Мысалы қарамағындағы жерді шабындыққа айналдырып, мал азығына шөп басуды қолға алмақ.
 – Жерді бір жыл пайдаланған соң келер жылға құнары азаяды. Сондықтан да ол жерге жоңышқа егу қолайлы. Соған сай жоңышқа тайлайтын трактор мен жабдығын сатып алдым. Мұндай жұмыста ұйымдастыруда маған мемлекеттік бағдарламаның шарапаты тиді. Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 6 пайыздық жеңілдікпен 4 млн теңге несие алып, болашақ мақсатыма ұмтылудамын. Жерге еңбек сіңірсең, еселеп  берекесін береді. Жастар, жұмыссыз отырғандар болса қол қусырмай, бақша ексе, табысқа кенелер еді. Күзде ептеп қиналасың. Соған көбісі шыдамайды. Көктемде екі ай ерінбей еңбек етсе, одан соңғы маңдай тер, табан етіңді ақша қайтарады, – дейді қожалық жетекшісі Темірбек Бұқпанов.
Бақшамен айналысушылар науқан аяқталған соң демалады. Тапқан табысты бөле келе орта есеппен айына 100 мың теңге көлемінде айналады. Қыс мезгілінде басқа тірлігіне қам қылады. Жалпы бақша егумен шұғылданған адамның мал бордақылауға да  мүмкіндігі жетеді. Себебі өнімнің қалдығы далаға ысырап етілмей, малға азық болады. Бұл жақсы емес пе?! Кәсіпкерліктің қызығы – оны түрлендіру мен кеңейту десек, бұл  Темірбектің де көптен ойында жүрген арманы.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
             
24 қыркүйек 2019 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031