» » Қырман толы қызыл дән

Қырман толы қызыл дән

Әр мезгілдің өзіне сай ерекшелігі болады. Жайдары жаздан соң таңғы салқыны мен жаңбырлы бұлтымен күз де келеді. Дегенмен күз ең жомарт, ең бай мезгіл. Күздегі науқан кезі, астық пен егіннің, жеміс-жидек пен көкөністің уылжып пісіп, қазан болатын уақыты. Қайнаған тіршілікті, берекелі бірлікті, асып-тасқан молшылықты көз алдымызға елестетпей ме?!
«Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, аудан шаруалары күзгі жиын-терім науқанына белсене кірісіп кетті. Осыдан біраз бұрын егінге алғашқы орақ түсті. Диқандар алғашқы өнімді алып үлгерді. Иә, бүгінде ауданда күзгі егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруашылықтар биыл да мол өнім аламыз деген үмітте. Аудан диқандары жаз бойы күтіп-баптаған астықты оруда.
Биыл аудан бойынша 24 мың гектарға жуық жерге дән себілді. Оның ішінде күріш көлемі – 14 633, жаздық бидай – 595, арпа – 125, соя – 40, мал азықтық дақыл – 6831, картоп, көкөніс, бақша дақылы – 1187 гектарға себілді. Сонымен қатар аудан бойынша 40 гектарға соя дақылы тәжірибе ретінде егілген. Шаруашылықтар арнайы Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сортының 4 тонна І репродукциялы тұқымын алдырып тәжірибе жасап көруде.
Күріш дақылына келер болсақ, 14633 гектар жерге орналастырып, шығымы бойынша 76,9 процент жақсы, 20,9 процент орта, 2,2 процент қанағаттанарлық деңгейде бағаланып отыр. 5500 гектары пісу күйінде болса, 9133 гектары толықтай піскен. Егіске барлығы 3950 тонна «Элита», І-ІІІ репродукциялы тұқымы жұмсалған. «Лидер» сорты бойынша 11899 гектарға, «Янтарь» сорты 2734 гектарға егілген.
Осы жылы «Жаңажол» ЖШС 20 гектарға ерте егу арқылы жоғары өнім жинау технологиясын қолданып, соя өсіруге тәжірибе жасауда. Егіске 10,4 мың тонна минералдық тыңайтқыш жұмсалып, 12 мың гектар алқап үстеп қоректендірілді. Күріш алқабының суы байланып, орақ түсірілді. Аудан бойынша күріштің суын тарту, күрішті ору және бастыру жұмысының кестесі бекітілді. Тамыз айының 5-інен бастап күріш суы байланып, жаппай ору жұмысы басталды. Қазір 4500 гектар күріш орылып, 3000 гектары бастырылды. Орта өнім 48,5 центнерден айналуда, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сабытбек Жолмаханов.
Аудан бойынша 595 гектар егілген жаздық бидай толығымен жиналып, 297,5 тонна өнім алынды. 125 гектар арпадан 125 тонна өнім толығымен жиналды. Сонымен қатар мақсары, көкөніс, бақша дақылын жинау жұмысы басталды.
4533 гектар ескі жоңышқаның 450 гектары тұқымға қалдырылып, 4103 гектар ескі жоңышқаның І және ІІ орымы орылып, 17,1 мың тонна өнім жиналды. Орта өнім гектарына 20,9 центнер. 2262 гектар жаңа жоңышқа 814 тонна өнім берді. Ендігі кезекте жоңышқаның ІІІ орымынан 4,1 мың тонна мал азығы дайындалады деп күтілуде.
Қазірде 150 гектар жердің күрішін орып қойдық. Соны комбайнмен жинаудамыз. Күріштің «Лидер» сортын еккен болатынбыз. Нәтиже жаман емес. Бұл шаруа қожалық жұмысын биыл ғана бастады. Келесі жылға 300 гектарды қосып жатырмыз. Осы уақытта сол жерді жыртып, әзірлеу үстіндеміз, – дейді «Жаңатұрмыс ИК» шаруа қожалығының күрішшісі Бекмұрат Баймаханов.
ТҮЙІН
Көктемде тырбанып, жер тырнаған диқанның бейнеті өтелетін шақ – бұл. Күзгі науқан кезіндегі күн райы жақсы. Диқандарға да керегі осы. Дала төсін еңбек дүбіріне бөлеп жүрген қауымның мол табысқа кенелеріне биыл да ел тілекші.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 қыркүйек 2019 ж. 2 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031