» БАБЫН ТАПСА, БАҚШАДА ДА ПАЙДА КӨП

БАБЫН ТАПСА, БАҚШАДА ДА ПАЙДА КӨП

Адам денсаулығы қашан да өзекті болып келген. Оны сақтауда жеміс-жидек пен көкөніс өнімін тұтынудың орны бөлек. Әсіресе, бал-шырынды қауын мен тіл үйіретін қарбыздың, сондай-ақ ағзаға қажетті макро-микро элементке бай қияр мен қызанақтың жаз бойы дастарқанымыздан үзілмегені рас. Әйтсе де, сол дәруменді өнім көктен түспейді. Бұл – жаздың ыстық аптабы мен күздің қара суығына төзе білген қолынан күрегі, иығынан кетпені түспеген бақшашы қауымның өлшеусіз еңбегі екенін айрықша атап айтуымыз керек.
Қармақшы ауданының негізгі дақылы – Сыр салысы. Десе де, елді мекен тұрғындары бақша дақылын қай кезде де егіп келеді. Бұл да бір – кәсіп пен қаржының көзі саналады. Бірі – көкөністен түрлі тосап, салат жа­уып, қысқы қорын қамдаса, енді бірі – еккен өнімін сауда дүкендері мен базарларға түсіріп, халыққа ұсынады. Қалай айтсақ та, бақша егуде ұтпасақ, ұтылмаймыз.
Ерте көктемнен бастап, жер жыртып, бақша егуді мұрат еткен бақшашылар бүгінде көңілдерін бірлегендей. Жиын-терімді сәтті аяқтаған олардың көңілі көтеріңкі, жүзі жадыраңқы.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, үстіміздегі жылы 450 гектарға көкөніс егілген. Оған 4 ауыл шаруашылығы құрылымы тар­тылған. Ал, қауын-қарбыз егумен 12 ауыл ша­руашылығы құры­лымы айналысса, 534 тұрғын, 17 ауыл шаруа­шылығы құрылымы 570 гектарға картоп еккен. Егілген өнімнің түсімі де жылдағыдан жоғары.
– Аудан бойынша биыл көкөністен 7650 тонна өнім алынды. Бақша дақылынан 9990 тоннаға қол жеткізілсе, картоп 9234 тоннаны құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін сатуда аудан орталығы мен Байқоңыр қаласында бірнеше рет жәрмеңке ұйымдастырылып, онда түр­лі өнім нарық бағасынан төмен сатылды. Бұған кәсіп­керлер, шаруа қожалықтары біркісідей атсалысты, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Төлеген Өмірқұлов.
Айта кетерлігі, осы жылы Алдашбай ахун ауылы бірыңғай бақша өнімін егумен шұғылданса, Төребай би ауылы аудан көлемінде ең көп бақша дақылын өндірумен айналысқан ауылдық округ.
– Жосалы ауылдық округі қыркүйек, қазан айында 11 мәрте Төретам кентіне және 1 мәрте Байқоңыр қаласында жәрмеңке өткізді. Шара аясында жұртшылыққа 160 тоннадан аса қауын-қарбыз, 14 тонна асқабақ, 2 тонна қияр, 1,5 тонна балық, 6 тонна қызанақ пен картоп сатылды. Бұл тұрғыда жәрмеңкені ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аудан басшылығы мен құзырлы орындарға айтар алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, айтулы іске ұйытқы болған «Шабан ата», «Дәуіт», «Төкен ата», «Нұрмахан», «Алтынбай» шаруа қожалығының төрағалары Жақсылық Жалғасбаев, Дәуіт Қалдашбаев, Темірбек Бұқпанов, Мұхит Нұрмаханов, Төлеген Қошантаев пен ауыл кәсіпкерлері Нағашыбай Өтемұратов, Гәжденбек Өтешов, Дәулет Қазиевтердің еңбегіне ел риза. Еңбектің жемісі қашан да тәтті, – дейді ауыл әкімі Сәрсенкүл Есқалиева.
Түйін:
Аудан орталығына бақша өнімдері көбінесе сырттан тасымалданады. Ғалымдардың пайымдауынша, қайсыбір өнім де сабағынан үзілген соң оны белгілі бір уақытта тұтынбаса, дәруменін жоғалтады екен. Ұрылып, жолсоқты болып талай шақырымды артқа тастаған қай өнім де сапалы бола қоймасы анық. Сондықтан жақыннан дорбалайтын өз өніміңе ештеңе жетпейді.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
---
01 қараша 2018 ж. 1 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031