» » АЛДАШБАЙДЫҢ КӨКШЕ БАЙЛЫҒЫ КӨПКЕ ҰСЫНЫЛДЫ

АЛДАШБАЙДЫҢ КӨКШЕ БАЙЛЫҒЫ КӨПКЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Биыл Алдашбай ахун ауылындағы «Майлыөзек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары ауыл сыртынан 10 гектар егістік алқапқа бақша, оның ішінде қауын-қарбыз, асқабақ пен картоп, сәбіз және көкөністер егіп, ала жаз бойы өздері баптап-өсірген дақылдарының алғашқы өнімін жинауда.
– Биыл ауыл сыртындағы «Жаманқұмақ» учаскесінен 10 сотық егістік жерге ауылшаруашылығы, нақтырақ айтқанда, түрлі бақша дақылын егіп, қазіргі таңда диқаншы қауым өздерінің сонау ерте көктемнен жаздың шіліңгір шілдесінің аптапты ыстығына шыдап, тер төге еткен еселі еңбегінің жемісін көруде. Бақша бригадирі Алмас Тоқтыбаевтың басшылығымен Балғабек Қарамырзаев, Рақым Оразов және Алдаберген Есентаев сынды білікті мамандар бүгін арнайылап Жосалы кенті тұрғындарына 2 тонна қауын-қарбыз тиеп жіберуде. Сондай-ақ, жақын арада Қызылорда қаласында өтетін ауылшаруашылығы тауарлары жәрмеңкесіне де алдашбайлықтар бақша өнімдерін апаруды жоспарлап отыр. Алла қосса, биыл шаруашылық диқандары еткен еңбектерінің нәсібін де көреді, – дейді шаруашылық басшысы Жұмабек Шайманов.
– Осы ретте, айта кететін тағы бір жайт, ауылдық округте өзін-өзі жұмыспен, оның ішінде бақша дақылдарын егу ісімен қамтылғандар көп. Ауыл тұрғындары арасында осы кәсіппен шұғылданушылар саны жылдан жылға артуда. Тұрғындар бақша өнімдерін сату арқылы нәсібін табуға болатынын түсінген. Бұл сала бойынша кәсібін кеңейтушілер санын арттыруға күш салудамыз. Тек аяқ су мәселесі шешілсе болғаны. Мал шаруашылығын да өркендету ісі алға жылжуда. Тоқ етері, округте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ауыл тұрғындарының ниеті зор, – деді шаруашылық басшысының сөзіне сөз қосқан ауыл әкімі Фархат Шегебаев.
Иә, елімізде Кеңес өкіметі билік құрған жылдарда Алдашбай ахунның тіл үйірер күләбісі мен сары және әміре қауыны, сондай-ақ торсықтай теңкейе піскен ала қарбызы күллі қазақ жұртшылығына ғана емес, кеңестік 15 республикаға да тараушы еді. Ал, әр қайсысы үлкен кеседей болып піскен картоптар ше?
Иә, ол күнде елес болып кетті. Десе де, сол аға буын диқаншы қауымның игі ісін жалғастыруда бүгінгі ауыл тұрғындары аталар аманатын орындауда бар күш-жігерін жұмсауда. Алла бұйыртса жақын уақытта Алдашбай ахун ауылының тіл үйірткен қауын-қарбызының ел-жұртқа жетер күні де алыс емес. Тек еңбек ете білу керек.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
20 тамыз 2018 ж. 2 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031