» » ҚАУЫН ШЫБЫНЫНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

ҚАУЫН ШЫБЫНЫНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Ел аумағын сыртқы карантиндік объектілерден қорғауда сыртқы карантиннің маңыздылығы орасан зор. Себебі жылдан-жылға экономиканың қарқынды дамуы қарсаңында, шетелден тасымалданатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артуда. Мұнан соң сырттан тасымалданатын өсімдік текті өнімдерге карантиндік фитосанитарлық бақылауды күшейту керек.
Ал ендігі кезекте бақша өнімдерінің сапасы мен түсіміне залалы көп карантиндік зиянкес қауын шыбынына тоқталайық. Қауын шыбыны еліміздің бақша өнімдерін өсіруші Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, тіптен Маңғыстау облыстарына дейін таралып кеткен. Аталған зиянкеске қарсы үнемі жүйелі түрде химиялық өңдеу мен күзде жерді терең сүдігер жыртып (агротехникалық шара), бақша өнімдерінің қалдықтарын 50 см тереңдікке көму жұмыстарын жүргізу арқылы қарсы күресуге болады.
2018 жылы карантиндік зиянкес қауын шыбынына қарсы Қармақшы ауданы бойынша 140 гектарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алайда 2018 жылға жоспарланған 140 гектар аумаққа мемлекет тарапынан химиялық пестицидтер бөлінбейтіндігі белгілі болды. Осы орайда аталған карантиндік зиянкеске қарсы әрбір бақша егуші жеке және заңды тұлғалардың өз қаражаттары есебінен химиялық пестицидтерді алып, химиялық өңдеу (улау) жұмыстарын жүргізуі- негізгі міндеті. Әрбір бақша егуші жеке және заңды тұлғалар химиялық пестицидті алғанда, пестицидті сатушы фирманың заңды түрдегі құжаттары (лицензиясы, сертификаты) бар жерлерден және алған пестицидтерінің мөлшері көрсетілген жүк құжаттамасын (накладной) қоса алуы қажет. Сонымен қатар химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп болған соң, пестицидтердің босаған ыдыстарын басқа мақсатта пайдалануға жол бермей, жою жұмыстарын жүргізетін заңды мекемеге табыстау керек.
Атап өту қажет, қауын шыбынына қарсы өз уақытысында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, зардап ұлғайып, бақша өнімдерін экспорттау әлеуеті біршама азаю қауіпі туындайды. Сондай ақ, аталған зиянкес басқа да бақша және көкөніс өнімдерін залалдандырып, ауданның да, облыстың да агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына кері әсерін тигізеді.
Аталған карантиндік зиянкес қауын шыбынына қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге аудандық аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы тарапынан нұсқамалар берілген. Карантиндік зиянкестің кез келген түріне қарсы күрес шараларын үнемі жүргізу ауданымызды карантиндік объектілерден азайту мен қатар егілген өнімнен мол, сапалы өнім алу үшін жасалынып жатқан шаралар.
Серіков Нұрсұлтан Сайлауұлы
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы жетекші маман- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік
инспекторы
17 шілде 2018 ж. 2 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031