» » ЭКОНОМИКАНЫ ӨРГЕ СҮЙРЕМЕК

ЭКОНОМИКАНЫ ӨРГЕ СҮЙРЕМЕК


ОБЛЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУГЕ ЖЕТЕ КӨҢІЛ БӨЛІНІП КЕЛЕДІ. 2013 ЖЫЛЫ БҰЛ БАҒЫТТА БАР БОЛҒАНЫ 215 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ҚАРАЛСА, 2017 ЖЫЛЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ 5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН БІР-АҚ ШЫҚҚАН. АЙЛЫ АСПАННАН БІР КӨРІНГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АГРОСАЛАНЫҢ ҚАНАТЫН ҚАТАЙТЫП, БИІК МІНБЕРЛЕРГЕ ШЫҒАРЫП ТҰР. ОНЫҢ ҮСТІНЕ АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІН ШЕТЕЛ АСЫРЫП ЖАТСАҚ, ОЛ БІЗДІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІМІЗДІҢ ЖОҒАРЫЛАТУДЫ ҚОЛҒА АЛҒАНЫМЫЗ. ОСЫ КҮНІ СЫРДАН ӨНДІРІЛІП, ҚҰРЛЫҚ АСАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА ҚАУЫН, КҮРІШ, БАЛЫҚ, СОНДАЙ-АҚ ИРАНҒА ЖӨНЕЛТІЛІП ЖАТҚАН ҚОЙ ЕТІ БАР. ӘЛІ ДЕ АЙҚЫН БАҒЫТ АЛЫП, ЖАҢАША ЖОСПАР ҚҰРУ ҮСТІНДЕМІЗ.
Дамыған елдердің ұстанымында экспорт көлемі импорттан әлдеқайда артық болу керек. Ел экономикасының деңгейі осыдан-ақ айқын аңғарылады. Әйтпегенде ше?! Әлемде өз-өзін қамти алмай отырған мемлекеттер жетіп артылады. Ал бізде өзімізден артылғанды шетелге жолдаудамыз.
– Естеріңізде болса, 2016 жылы бақша дақылдарын экспорттау жұмыстарын қайта жаңғыртқан болатынбыз. Осылайша, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37%-ға өсті. Оның ішінде күріш экспорты – 39%-ға, бақша өнімдері – 3,5 есеге, көкөніс – 2 есеге өсіп отыр, – деді Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есеп беруінде.
Әлбетте, мұның барлығы мемлекеттің саланың қолтығынан демеп, сүрінгенде сүйеніш болуынан бастау алатын мүмкіндіктер. Жыл санап жаңарған көрсеткіш ауыл шаруашылығының өндірісінде болып тұр. Биылғы өнім өткен жылға қарағанда 4,1 пайызға артты. Елбасы аймаққа келгенде:
– Күріш дақылы мол суды қажет етеді. Егін шаруашылығын әртараптандырып, өңір табиғатына қолайлы басқа да өнімдерді егіңіздер. Біз дамуымыз керек, бір ғана өнімге арқа сүйеп қалуға болмайды, – деген болатын.
Елбасы тапсырмасын орындап, Сырдағы алқапты түрлендіруге кіріскен диқандар қауымы соңғы үш жылда мал азықтық және майлы дақылдар көлемін 6 мың гектарға ұлғайтты. Бұл нәтижесіз болмады. Алғаш рет Қытайға 11 тонна мақсары майын экспорттадық.
– Біз алдағы уақытта Иран еліне экспортқа шығаратын ирандық күріш сортын өндіруді бастадық. Бұл ел жылына пайдаланатын 5 млн. тоннаға жуық күріш өнімінің жартысын сырттан алады. Осы орайда, біз осы нарықтан белгілі орнымызды алуымыз қажет, – деп облыс әкімі есепті кездесуде биылғы мақсат-мүддемен де таныстырып өтті.
Айта кетерлігі, Иранға экспорттайтын «Тором-Хошеми» күріш сортын өткен жылы «Ақтөбе и К» серіктестігі 70 гектар алқапқа екті. Бұған дейін сынамадан өткізілген өнім өз тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Жаңашылдыққа жаны құмар басқа да шаруашылықтар нарық заңдылығымен бұл сортты өз алқаптарына орналастыра бастады. Мәселен, Қазалыдағы «Сыр маржаны» егістікте тәжірибеден өткізіп, 2 гектар жерге дән сепкен. Одан 3,8 мың тонна өнім алды. Ал биыл облыс бойынша аталған сорттыан 60 тонна өнімді Иранға жөнелту мақсатын алдымызға қойып отырмыз.
Сырдан голландиялық қауын сорттары да Ресейге жол тартты. Облыс орталығынан жер бөлініп, «Іскер М» мекемесі талапшыл жастардан құралып, өз өнімдерін шетел асыруды қолға алған. Бақша өнімдерінен жалпы көлемі 2000 тонна бақша өнімдерін экспорттадық. Бұған облыстың барлық ауданынан атсалысып, шаруашылықтар өз үлесін қосқанын атап өту керек.
Экспорттың тағы бір негізі мал шаруашылығы өнімдерінде болып тұр. Өйткені біз талай жылдан бері алдымызға қойған мақсат буферлік аймақтан шықтық. Бұл бізге Араб Әмірлігі, Иран Ислам республикасы, Моңғолия еліне ет өнімдерін экспорттауымызға мүмкіндік берді. Бұған сәйкес облыс аумағынан екі бірдей ет комбинатының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асырудамыз. Әйтсе де, экспорт жұмысы әлдеқашан басталып кеткен. «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі Иран Ислам республикасына тірілей салмағы 26,5 тоннаны құрайтын 812 бас қозыны жөнелтті. Бұл болашақта атқарылар ауқымды жұмыстың әлқиссасы болмақ.
– Құс етін өндіру қайта қолға алынуда. Қармақшы ауданында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен (ӘКК) бірлесіп құс фабрикасының құрылысы басталды. Биыл оны іске қосатын боламыз, – деген Қырымбек Көшербаев экспорт әлеуетіне Қармақшы ауданының зор үлесі бар екенін ерекше атап өтті.
Аталған нысан ауданға қарасты Ақтөбе ауылында салынбақ. Мұнда екі мыңнан астам адам тұрады. Біріншіден, таза әрі сапалы құс етін өңірде өндіруге мүмкіндік алсақ, екіншіден, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтуда маңызды болып табылмақ. «Ақтөбе и К» серіктестігімен «Байқоңыр» ӘКК-мен арасындағы келісім негізінде қолға алынған бұл жобаның құны 1,14 миллиард теңгені құрайды.
Балық шаруашылығы да экспорттық әлеуетті арттырып отырған негізгі локамативке айналған. Соңғы бес жылда балық аулау көрсеткіші екі есеге артты. Облыста 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істесе, оның 4-еуі 2013 жылдан кейін салынған.
– Осы күні балық өнімдерін экспорттау осы жылдары 9 есеге артып отыр! Әсіресе, Арал көксеркесіне деген сұраныс ерекше, – деді Қырымбек Көшербаев.
ТҮЙІН.
Шынтуайтына келсек, экспорт көсегемізді көгертпек. Бұйыртса, биыл пайдалануға берілетін шыны зауытының өнімдері де әлемнің түкпір-түкпірін аралайды. Осы күнгі болжам бойынша, өнімнің 40 пайызы елде қалса, 60 пайызы алты құрлықты аралайтын болады.
Дәулет ҚЫРДАН.
19 ақпан 2018 ж. 1 242 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 03:44
Antibiotic S Euro Med Canadian Online Pharmacy cialis 40 mg Acheter Viagra En Ligne En France Cheap Cialis Super Active

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031