» » Өңір дамуының жаңа тынысы

Өңір дамуының жаңа тынысы

Өңірдің әлеуетін көтеретін қай сала? Ауыл шаруашылығы қай кезде де бірінші орыннан сырғып түскен емес. Былайғы жұрттың тіршілігі сол салаға етене байланған. Ал, Елбасы халық алдына жаңа жоспарлар қойып отыр. Бастысы тұрақтылық болса, екінші орындалуы тиіс шара – кәсіпкерлікті дамыту. Аудан атқамінерлері шағын және орта бизнесті ілгерілетуді қашанда мінберден түсірген емес. Өйткені, алдағы уақытта кәсіпкерлік экономиканың маятнигіне айналуы тиіс.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту, аудан тұрғындарын бизнеске баулу, кәсібі барларға мемлекет жарақтаған бағдарламалар арқылы қолдау көрсету жайында сөз қозғады. С.Ысқақұлы кәсіпкерлік өңір әлеуетін көтеретінін, сондықтан мемлекет берген мүмкіндіктен мүлт кетпеу керегін айтты. Әрине, әкім ешкімге «балық аулап бермейді», есесіне «балық аулайтын қармақ береді және балық аулауға қолайлы жағдай жасайды». Тек жұртшылық кәсіпкерлікке деген қорқынышты жеңуі тиіс.
– Қармақшыда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірленіп, кәсіпкерлерге консалтингтік және басқа да көмектер көрсетілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты. Былтыр қаржы ұйымдары тарапынан 330 жобаға 1 миллиард 93 миллион теңге жеңілдетілген несие берілді. Тыңнан түрен салған «МиаПрим» серіктестігі талайға үлгі. Алдағы уақытта кәсіпорын күріштен крахмал және спирт алуды жүзеге асырмақ, – деді аудан әкімі.
Ауданның ауыл шаруашылығында тың серпін бар. Саланың қарқынды жұмысына елеулі еңбек сіңіріп жүрген аудан диқандарының еселі еңбегі жайлы сөз етпеуге тіпті болмас. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауданымызға 2017 жылы 655,7 млн. теңге субсидия бөлініп, барлығы 23 мың 702 гектар егіс орналастырылды. Оның 14 мың 209 гектарына күріш дақылы себілді. Дала еңбеккерлері егін маусымында аянбай тер төгіп, алқаптың әр гектарынан орта есеппен 59,6 центнерден астық алды. Нәтижесінде 84 543 тонна күріш қамбаға құйылды. Бұл – еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Осы жұмыстардың нәтижесінде ауданымыз 2017 жылдың қорытындысымен облыс бойынша «Озат аудан» атанды. Жолдауда өндіруші, өңдеуші салаға жаңа технология­лар мен бизнес модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру қажеттігі көрсетілген. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге аудан бойынша 14 кооператив құрылып, оның алғашқы жетеуінің құрамына ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 234 азамат мүше болып кіріп, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 601 млн.теңге несие алып, ет, сүт бағытындағы 3206 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды. Қазіргі таңда, 1 рефрижератор, 2 сүт қабылдау пункті сатып алынып, оған қосымша 1 рефрижераторға және модульді мал сою пунктіне тапсырыс берілді.
Ауданда құрылыс жұмыстары да қарқын алуда. Өткен жылдың өзінде ауданда 20 мың шаршы метрден артық баспана салынды. Қазақстанның тұрғын үй салу бағдарламалары негізінде, Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Байқоңыр қаласынан көп қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл нысандар байқоңырлықтардың әлеуметтік жағдайының оңалуына септігін тигізеді. Әрине, бұл Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының игілігі. Айта кету керек, 2017 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыс атқарылды. Одан бөлек Жосалы кентінің Тәуелсіздік мөлтек ауданына инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, 1400 жер учаскесі ашылды.
Өлкеде қылмыстық ахуал да тұрақты. Өткен жылы Жосалы кентінде 2, Төретам кентінде 1, Ақай ауылдық округінен 1 учаскелік полиция пункттерін сатып алуға облыстық бюджеттен 36 миллион теңге қаржы бөлініп, 4 учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл - құзырлы органның жұмысын жетілдіріп, қылмыстылық деңгейдің төмендеуіне сеп болады.
Баспасөз жиынында аудан әкімі С.Ысқақұлы өлке әлеуеті арта түсетінін сөз етті. Ілкімді тірлік шынын да өрге сүйрейді.

13 ақпан 2018 ж. 1 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031