» » Қауын мен қарбыздан келер қауіп бар ма?

Қауын мен қарбыздан келер қауіп бар ма?

Жаз шықса кенттегі сауда нүктелерінде жеміс-жидек пен бау-бақша өнімінің саудасы қыза түседі. Әсіресе, базардағы қызу саудаға түскен қауын-қарбызға деген жұрттың қызығушылығы жоғары. Тау-тау болып үйілген қауын-қарбыздан кешке дейін бірі қалмай өтіп кеткенін байқаймыз. Десе де, мезгілінен ерте піскен қауын-қарбыздың жедел-ішек инфекциясының өршуіне үлесі қаншалықты? Жалпы, тұтынушылар қауын-қарбызды сатып аларда нені ескеру керек?
Сатылымға маусым айында шығарылғанмен, қауын-қарбыздың нағыз пісетін уақыты – шілденің соңы. Жалпы, тамыз айынан бастап жеміс-жидектің саудасы бұрынғыға қарағанда қыза түседі. Дегенмен, нитраттармен улану қаупінің де жоқ емес екенін қаперден шығармаған жөн. Мамандардың айтуынша, құрамында шамадан тыс нитраттар көп мөлшерде кездесетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің адам ағзасына тигізер зияны көп. Диқандар жерді өңдеуде, өсімдікті өсіріп-баптауда улы химикаттарды шектен тыс қолданғанда адам ағзасына қауіпті бактериялар түзіледі екен. Құзырлы мекеменің қызметкерлері өз бетінше саудаға түскен қауын-қарбыздың жеуге жарамдылығын анықтау үшін тексеру жүргізе алмайды-мыс. Тұрғындардан шағым түскенде сауда орны немесе дүкен иелеріне тексеру жүргізілетіні туралы алдын ала ескерту жасайтын көрінеді. Бұл тұрғындардың тәуір тағам тұтынуына кедергі. Соның салдарынан жедел ішек инфекциясы өршиді. Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде жыл басынан бүгінге дейін жедел ішек инфекциясымен 40 адам тіркелген. 5 жасқа дейінгі 23 бала ауызбен суландыру бөлмесінен ем қабылданып, оның 21-і сауықтырылған, ал 2-еуі ауруханаға жатқызылыпты. Өзге 17 адамның 13-і 6-14 жасқа дейінгі балалар болса, олардың 6-ауы ауруханада ем алған. 4 ересек адамның 2-еуі сауықтырылып, 2-еуі жұқпалы аурулар бөліміне қабылданған. Айта кететіні, қауын-қарбыздан улану фактісі тіркелмепті. Дәрігерлердің айтуынша, жаз айында ерте піскен өнімнің сапалық құрамында мөлшерден тыс бактериялардың болуы ағзаны улауға әкеледі екен. Сондай-ақ, бақша дақылдарын тазалап жуып пайдалану қажеттігін ескертеді.
Ойып беруге:
Қауын-қарбыз қабығында артық сызат, жарық болмауы тиіс. Тілінгені де керек емес. Содан соң қауын-қарбызды түбіне дейін жемеген дұрыс. Себебі, онда нитраттар көп жиналуы мүмкін. Әсіресе, сәбилер улануға бейім келетіндіктен, жасқа толмаған балаға сақ болу қажет. Жалпы, қауын-қарбыздар көлеңкелі орындарда, жерден 20 сантиметр биіктікте сақталуы керек. Сондықтан көше бойындағы қарбызды сатып алуға құмартпаңыз.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» облыс бойынша филиал мамандарымен бірлесіп жыл басынан бері әр 2 апта сайын «Физикалық белсенділік», «Өз денсаулығың өз қолыңда», «Болашақа қадам», «Ұнды фортификациялау, оның артықшылығы мен қажеттілігі», «Қауіпсіз тағам таңда» секілді акциялар өткізіп келеді. Аталмыш акция халық жиналатын дүкендер, сауда қатарлары мен базарларда өткізіледі. Акция нәтижесінде нитратқа 13 түрлі өнім тексеріліп, сәйкессіздік анықталмаған.
Сондай-ақ, акция барысында тұрғындардың ұсынуы бойынша санитарлық химиялық зертханаға 12 өнім, оның ішінде қарбыз, қияр, қызанақ, өрік, қызыл өрік, алмұрт, алма сияқтыбақша дақылдары мен жеміс-жидектер тексерілген. Тек қарбыздың 1 өнімінен нитрат нормадан жоғары, яки 62,1 мг/м екені анықталған.
– Базарлардағы, сауда нүктелеріндегі ауылшаруашылығы өнімдерін сатушылардың қолында осы нитрат қалдығына тексерілгені туралы токсикологиялық сертификаты болуы міндетті. Мұны талап етуге әрбір тұтынушы құқылы, әсіресе ерте көктемде және жаз айларының басында ерте пісетін бау-бақша өнімдерін тексеру маңызды. «Ауру астан» демекші тұрғындарды осы тамақтан улану мәселесіне мән беру керегіне назар аударуы керек. Олай болса, өз денсаулығыңызға пайдаланатын азық-түлікке мән беруге маман ретінде кеңес береміз. Көкөніс, жеміс-жидек пен бақшалық өнімдерді сатып алу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, құрамындағы нитраттардың деңгейін анықтайтын ілеспе құжаттары болуы тиіс, аталған ілеспе құжаттарды талап етуге әр тұтынушы құқылы, – дейді аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Жаз келсе жан біткеннің аңсары ауатын қауын-қарбыздың дәмділігіне дау жоқ. Десе де, тұтынушы өз денсаулығына келер қауіп-қатердің алдын алып, абайлауға арағайын болғаны абзал.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
08 тамыз 2018 ж. 2 952 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031