» » Қарбыз туралы не білесіз?

Қарбыз туралы не білесіз?

Қарбыз туралы не білесіз?
Жаз мезгілі шуақты күнімен, жайқалып өскен гүлімен, асыр салып ойнаған балаларымен есте қалады. Айналаңызға көз салсаңыз, бояуы қанық табиғат суреттері өзіне тамсандыра түседі. Ең бастысы, барлығымыз сүйіп жейтін жеміс-жидектер піседі. Әдетте күнделікті тұтынатын тағамдарымыздың қаншалықты пайдалы екеніне мән бермейміз. Сол себепті ең дәмді жеміс — қарбыздың адам денсаулығына пайдасы туралы жазуды жөн көрдік.
Қарбыз ми белсенділігін арттырады. Үлкен жемістің құрамында ақыл-парасат деңгейінің көтерілуіне әсер ететін В6 дәрумені бар. Әсіресе қоршаған ортаға тәуелді балалар үшін пайдасы мол.
Адамның миында қанша сұйықтық болса, қарбызда да сол мөлшерде су бар. Әдетте қарбыз суы адам миындағы сұйықтық концентрациясына тең болғандықтан, денсаулығы үшін өте пайдалы деп есептеледі. Алайда бұл айтарлықтай маңызды емес. Су қашан да артықтық етпейді.
Қарбыздың құрамындағы ликопин мөлшері қызанақпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ликопин дегеніміз – ағзадан қауіпті заттарды сыртқа шығаратын күшті антиоксидант. Сондықтан қызанаққа қарағанда, қарбызды тұтыну 1,5 есе пайдалы болмақ. Қарапайым логика. Мұны қарбыздың дәретханаға жүгірткізетінінен-ақ байқауға болады.
Ультракүлгін сәуледен қорғайды. Қарбыздың құрамында ликопиннен өзге каротиноидтар да бар. Аталған зат адам терісін күн сәулесінен қорғайды. Осы пайдасын ескеріп, оны теріге жағудың қажеті жоқ. Әйтпесе ара мен шыбын-шіркейдің жеміне айналып жүрерсіз.
Қарбыз әртүрлі болады. Қазақстанның кез келген тұрғынынан сұрайтын болсаңыз, «Тәтті қарбыздың сырты жасыл, іші қызыл болады» деп жауап береді. Алайда оның сіз бен біз білмейтін сары сорты бар. Сырты жасыл болғанымен, іші піскен ананас секілді сап-сары.
Сыртқы пішініне қарай да түрлі болып келеді: дөңгелек, сопақ, пирамидаға ұқсас, төртбұрыш. 2012-2013 жылдары көршілес Ресей еліне жапондық төртбұрышты қарбыздар алып келген болатын. Олардың біреусісінің бағасы 12 000-20 000 рубльді құраған. Бағасының қымбат екеніне қарамастан барлығы да сатылған.
Қарбыз көзге пайдалы. Оның құрамында адамның көру мүшесінің жұмысын жақсартатын А дәрумені бар. Көзіңіздің сау болғанын қаласаңыз, күнделікті 100 грамм қарбыз жеңіз.
Мансап жолын жаңадан бастап жатқан спортшылар үшін пайдалы. Кез келген істі бастау қиын. Әдетте бірінші күні көп жаттығамыз деп артынша бірнеше күн бойы ауырып жатамыз. Қарбыздың құрамындағы цитруллин ауырсынуды басады. Бірақ жаттығу соңында ғана жегеніңіз абзал.
Ең дәмді диета. Таңғажайып оқиғалар жүзеге асады деп айта алмаймыз. Алайда 2-3 артық келі салмақтан арылуға көмектсетініні анық.
30 шілде 2018 ж. 1 501 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 13:37
Keflex For Herpes Se Puede Comprar Viagra Sin Receta En Espana http://truthaboutstaininggrid.com Amoxil Etre Need To Order Levothyroxine 125 Mcg Amoxicillin Feed Additive

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031