» » Бақша өнімінде береке бар

Бақша өнімінде береке бар

Жаз аяқтала қоймаса да бау-бақша өнімдерінің алды пісе бастады. Ал жақсы өнім алу үшін оған тиісінше күтім керек. Соңғы жылдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суды аз қажет ететін картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егудің маңыздылығы артты. Аймақтың климаттық жағдайы мен табиғи-ресурстық әлеуеті осы өнімдерді өсіруге қолайлы. Бағбандар қолда бар мүмкіндікті толығымен пайдалануда.
Аудандағы картоптың көлемі – 350 гектар болса, көкөніс – 310, ал өзге де бақша өнімі 450 гектарға егілген. Жалпы егіс көлемі 1110 гектарды құрайды. Өнген өнім жерде қалып көрген емес. Оның үстіне бұл бағыттағы жұмыстарда қозғау да, қолдау да бар. Көктемнің бір күнін жылға азық санайтын диқан мұны жақсы біледі.
Төребай би ауылының тұрғыны Темірбек Бұқпанов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында қол жеткізген 4 млн теңгеге техника алды. Ауыл шаруашылығы бойынша шаруаларға бақшалық жер беріп отыр.
– Ауылда 30 гектар жерге бақша өнімі егілді. Онда картоп, асқабақ, қауын, қарбыз секілді көкөністер бар. Аяқ су келіп тұр, – дейді ол.
Жылыжай салып, одан өнім жинау мектептер үшін оңтайлы шаруа. Себебі мектеп асханасының ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы дәрумені мол көкөніспен толығады. Әрі оқушылардың көкөніс өсіру дағдысы қалыптасып, еңбекке үйренеді. Білім ордасы жанындағы жылыжайдан қияр өнімі алынуда. Алғашқы жылы қияр мен қызанақты қатар еккен. Нәтиже көңілге қонымды.
– Әр көкөністі жеке еккен дұрысырақ. Қиярды мектеп бүлдіршіндерінің тамағына қосып береміз. Биыл үшінші жыл өнім алып жатырмыз, – дейді №199 мектеп директоры Света Жалғасбаева.
Қиярды егуде тамшылатып суару әдісі қолданылады. Биыл қияр 3-4 күнде 15-20 келі өнім беруде. Жылыжай өнімі бірінші кезекте мектеп асханасына жіберіліп, артылғаны арзан бағамен ауыл дүкеніне сатылады.
Тынымсыз тірлігімен үлгілі болған ауыл биыл да жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Оны алқаптан алған көкше байлығынан аңғардық.
– Ауылдағы «Шабан ата» шаруа қо­жа­лығында биыл 32 гектарға егін егілді. Оның ішінде картоп – 3, көкөніс – 2, бақша да­қыл­да­ры – 5, жоңышқа – 22 гектар. Ал «Дәуіт» шаруа қожалығындағы егіс көлемі 100 гектарды құрайды. Оның ішінде картоп – 5, көкөніс – 5, бақша дақылдары – 20 гектар, – дейді ауылдық жастар саясаты және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әдіскер Руслан Қошантаев.
Иіркөл ауылындағы егістік алқабы да өнімге толы. «Жаңатұрмыс ИК» шаруа қожалығының төрағасы Ардақ Мырзахметовтің айтуынша, егін алқабына 20 жылдан бері тырманың ұшы тимеген. Осы жерді биыл өз шаруа қожалығына алған ол жердің 250 гектарына күріш, 10 гектарына бақша дақылын еккен.
– Жалпы көлемі 7619 гектарды құрайтын шаруа қожалығын құрып, ауылда еңбек етудеміз. Күріштен бөлек ауыл тұрғындары тұтынатын бақша дақылдарын қоса ектік. Техниканы «Жаңажол» ЖШС 5 жылдық келісімшарт негізінде аламыз, – дейді ол.
Бұл ауылдағы тың бастаманың бірі. Қараусыз қалған жерге егін егіп, тіршілік еткен шаруа қожалықта бүгінде 10 адам жұмыс істейді.
– Егін алқабы қоршалды. Өзге ауылдарда су тапшылығы болып жатса, бізде су жақсы келіп тұр, – дейді бригадир Амангелді Қуаңбаев.
Ауылдағы бақша өнімдері кент ор­талығындағы дүкендер алдында сатылады. Қыркүйектен бастап жаппай піскенде аптасына екі рет Ақай мен Төретамға жөнелтіледі.
Айнұр ӘЛИ
22 тамыз 2019 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031