» » ДАЛА ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ДАЛА ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

         Көктем шықса егін егу науқаны басталады. Зейнеті мен бейнеті қатар жүретін егін кәсібі көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Ал аудан шаруаларының көктемгі егін науқанына дайындық жұмысы қалай жүруде?
Биыл ауылшаруашылығы саласы бойынша барлығы 22 мың  жерге дән сеппек. Оның ішінде  күріш – 14000 гектар, бидай – 380 гектар, мақсары – 302 гектар, соя – 40 гектар, жоңышқа – 6744 гектар, картоп –383, бақша өнімдері – 481 гектар жерге егіледі деп жоспарлануда. Қазір аудан диқандары алдағы  науқанға қызу дайындық үстінде. Диқандар техникасын майлап, тұқымын сайлап, шаруасын жайғап жатыр.
         Дәстүрлі күріш дақылынан басқа да экологиялық таза өнімдер картоп, көкөніс, бақша дақылдары өндірістік негізде өсіру, сонымен қатар биыл 40 гектар жерге соя дақылын «Тұрмағамбет», ЖШС және «Жаңажол» ЖШС шаруашылықтарына өсіру қолға алынуда.
Иә, «Көктемнің әр күні жылға азық» екенін жақсы білетін аудан еңбеккерлері екі білегін сыбанып сақадай-сай отыр. Мәселен, Иіркөл ауылдық округіндегі «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығында қазір жер жырту жұмысы қарқын алған.
  • Жалпы көлемі 7619 гектарды құрайтын шаруа қожылығын құрып,  ауылда еңбек етудеміз. Ауыл тұрғындары тұтынатын дақылды егетін боламыз. Алыс-жақын қалаларға шығарып сату да ойымыз бар,– дейді «Жаңатұрмыс» шаруақожалығының төрағасы Ардақ Мырзахметов. 
         Биыл жастар да іске белсене кірісіп кетті. Жоғарыда айта кеткен «Жаңатұрмыс» шаруақожалығына  тиесілі 5 гектар жерді аудандық Жастар ресурстық орталығы алып отыр. Олар ауылшаруашылығына да өз үлесін қоспақ ниетте.
– Бұл жерге бақша дақылдарын егуді жоспарлап отырмыз. Егін алқабына жұмыссыз жас мен жас отбасылар жұмылдыратын болады. Алдағы аптада жерді жырту, тегістеу жұмысы жүргізіледі. Ал 15 мамырға қарай бақша дәндерін себетін боламыз, – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахим.
Ауданда ырыс-ынтымағы, береке-бірлігі жарасқан көп ұлтты ІІІ Интернационал ауылында «Достық жер» шаруа қожылығы жұмыс істейді. Көктем басталғалы диқандар шаруаға білек сыбана кірісіп те кеткен.
  • Осы жылы 2400 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отырмыз. Ал жоңышқаны 600 гектар жерге орналастырдық. Былтыр шаруа қожалықты бидай егілмеген болса, биыл осы бидай егуді қайта қолға алып отырған жайымыз бар. Техникалар сақадай-сай, – дейді «Достық жер» шаруақожалығының бас агрономы Байрам Мардиев. 
Егінге тұқым дайын
         Биыл егіске 4200 тонна күріш тұқымы құйылып, тазалау жұмысы жүргізілді. Егіске қажетті 10400 тонна минералды тыңайтқыш пен гербицидке тапсырыс беріліп және жасаған келісімшарт бойынша тасымалдануда. Сонымен қатар ауданның 2019 жылғы көктемгі егіс және дала жұмысына қажетті жанар-жағармай көлемі белгіленіп, тасымалдаушы оператор «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС-не тиесілі.
Техника күші жеткілікті
         Бүгінде аудан бойынша көктемгі дала жұмысы қатысатын 131 трактор, 86 соқа, 40 тұқым сепкіш, 66 автомашина, 98 трактор тіркемесі бар. Аудан шаруақожалықтары 2015-2018 жылдары 2229,9 млн. теңгеге ауыл шаруашылық техикасын сатып алды. Мұның ішінде өнімділігі жоғары 15 Магдон жаткасы, 22 Класс комбайндары, т.б техника бар. Техника паркінің 75 проценті жаңарды деп айтуға толық негіз бар.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
27 сәуір 2019 ж. 2 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 967

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930