» » Ауыл іргесіндегі алма бақ

Ауыл іргесіндегі алма бақ


Жеңіл көлік жүйтки басып, лезде діттеген жерімізге алып келді. Желмен тербелген жас бұтақтар көзге қуаныш, көңілге жұбаныш сыйлайды. Күз болғандықтан жерді тегіс жапырақ жапқан. Айналаның көрінісі суретшінің шебер туындысына ұқсайды. Бұл «Жаңажол» ЖШС-на қарасты ауыл іргесіндегі алма бақ еді.
2017 жылы бастау алған алма бақ бүгінде жасыл желекке айналған. 4 гектар жерді қамтитын аумақта 2000 түптен аса алма, алмұрт, қара, сары өріктер бар. Биыл жаңадан 800 түп алма, 200 түп өріктің көшеті отырғызылған. Көшеттер Шымкент қаласынан әкелінген.
– 4 жыл бұрын бұл шаруаны қолға алдық. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай алманың осы сорты ғана жеміс беруге жақын. Негізі бұл жерде алманың 5 түрі бар. «Голден», «Қызыл жұлдыз», «Конфетка» деген түрлері де жақсы гүлдеді. Түйнек салып, пісуге жақын қалған уақытта, барлығы бірдей жерге түсіп қалады. Қазір осының себебін нақтылауға жұмыстар жүргізудеміз. Ал қара күзде пісетін көк алмамыз биыл үмітті ақтайды деп сеніп отырмыз. Алдағы уақытта ауылға кіре берістегі 10 гектар жерге де алма бағын орналастырамыз. Қазіргі уақытта жерін да­йындап жатырмыз. Ол жердің ерекшелігі тамшылатып суаруда болмақ. Бұл өз кезегінде шығынға жол бермейді. Бір жағынан тамшылатып суару әдісі отақтың да көптеп шығуына үлкен тосқауыл болады. Алма бағы негізінен көп күтімді талап етеді. Уақытылы дәрі-дәрмегін беру, отақтан тазарту да жемістің мол болуына септігін тигізеді. Бұл Сыр халқына етене таныс күріш емес, сондықтан бұл жеміс ағашының күтімі жайында өзіміз үнемі ізденіс үстінде боламыз, – дейді «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов.
Жеміс ағаштарының алды былтырдан бастап өнім бере бастаған. Алма баққа күтім жасауда бақша бригадирі Әділ Алтынбаев пен бағбан Саттар Ермановтың еңбегі зор. Мұндағы мамандар жыл сайын жемістің қатары артатынын айтты.
– Осы шаруашылықта бірнеше жыл­дан бері жұмыс істеп келемін. Өзі­ме жүктелген міндет – осындағы жеміс ағаштарының уақытылы қорек­тендірілуін, шығуын қамтамасыз ету. Өткен жылы бірқатары жеміс беріп бізді бір қуантып қойды. Биыл олардың қатары артары сөзсіз. Алдағы екі-үш жылда өнімді нарыққа шығаруға да болады, – дейді бағбан Саттар Ерманов.
Алма бақтың қазіргі көрінісінің өзіне сырттан қарасаңыз көз сүйсінеді. Бағбан айтқандай, енді бір 2-3 жылда мұндағы өнімдерді нарыққа шығаруға болады. Бұйырса, ол күннің де ауылы алыс емес. Ауылды жасыл-желекке, сая­лы баққа айналдырып, ауыл халқына таза да табиғи өнім ұсынуды көздеген шаруашылық басшысының ісі алға басарына сенім мол.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Айнұр ӘЛИ (сурет)
05 қазан 2021 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031