» » Жасыл желек жанға сая

Жасыл желек жанға сая


ЖОСАЛЫ, 13 маусым – qarmaqshy-tany.kz
 Аудан орталығында көпшілікке «лесхоз» атауымен таныс мекеме жұмыс істеуде. Тіршілігі көзге көрінбейтін бұл саланың атқарар қызметі зор. Орманына қорған болған жандар күнделікті жұмыс барысында табиғатты қорғау, қорды күзетумен қатар оны молайтып өсірумен де айналысады. Тіпті қоршаған ортаның тазалығы осы саланың мамандарына тікелей байланысты. Бір сөзбен айтқанда олар ондағы қалыпты жағдайды бақылаушы нағыз сақшылар.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің міндетіне қырағылық, шыдамдылық және жауапкершілік жүктелген. Көктем келіп, күн жылынғаннан бастап өсімдіктерді қорғап, өртті болдырмаудың алдын алады. Өзгенің сексеуіл секілді қамқорға алынған отын ағаштарды заңсыз сындырып бүлдіруіне жол бермейді. Ал қыс келсе аң-құстардың жойылып кетпеуіне осы – «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ қызметкерлері табанынан тік тұрып жұмыс істейді.

Олар бүгінге дейін өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Бүгінде аталған мекеменің еншісіндегі орман қоры 435 283 гектар жерді алып жатса, оның ішінде орманмен жабылғаны – 317 966, ал ормансыз жерлер 117 317 гектарды құрайды. Осы жерлерді қорғап сақтауға, күзетуге және молайту жұмыстарына мекеме штатынан 56 адам бекітілген. Жыл сайын жасыл түсті киімдегілер орман қоры жеріне сексеуіл тұқымын себуден бөлек, кент, елді мекендерге көшеттер таратып, ағаш егуге үлес қосуда. Мәселен, биылғы жоспарға сәйкес орман алқаптарын ұлғайту мақсатында 0,6 гектарға мектеп бөлімі егілсе, Сыр талы қаламшасынан 16000, терек 8000 дана отырғызылған. Ал 0,2 гектар жерге қарағаш, үйеңкі тұқымы себіліпті. Одан бөлек күзде 2200 гектар жерге сексеуіл тұқымын себуді жоспарлап отыр. Былтыр ауданға кіре беріс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының оң жақ бетіндегі алқаптың 3 гектарына алма ағашы отырғызылды. Орманшының айтуынша, қазір күтіп баптау жұмысы жүргізілуде.

– Мұнда алма ағашынан бөлек жергілікті жерге төзімді талдар егілген. Күнделікті сегіз сағаттық жұмысымыз осында өтеді. Аптасына төрт рет суарып, арамшөптерден тазалап тұрамыз. Суару жағы жанар-жағармай насосымен жүргізіледі. Әр орманшыға өзіне жауапты жер бекітілген. Қазір егілген талдардың шығымы 65 процент нәтиже беріп тұр, – дейді орманшы Нұрболат Бегімұлы.

Кентке кіре беріс күре жолдың сол жақ бетіндегі жайқалған жасыл желектің бүгінгі жағдайы көптің көкейінде сұрақ болып жүргені баршаға мәлім. Осыдан тоғыз жыл бұрын 30 гектар жерді «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» уақытша пайдалану құқығына алған. Соңғы екі жылда жасыл белдеудің аяқ асты қурап қалғаны жолда жүргеннің көңілін алаңдатпай қоймады. Талдардың мұндай күйге түсуінің себебі де бар дейді мамандар. 2018 жылы Балажарма каналы күрделі жөндеуден өтіп қазылған. Алайда осы каналдан келетін орман шаруашылығының су жолы деңгейі 60 см биіктікте жоғары қалып, тек көктемгі топан су кезінде талдар толығымен суарылған. Егіс науқаны басталып, күріш алқабына су жіберілген уақытта су деңгейі төмен түсіп, ағаштарды суару жағы қиындай түскен. Осының салдарынан жасыл белдеу қурап, өсуі тоқтаған. Дегенмен қазіргі таңда айтулы мекеменің күшімен арықтар қайта тазартылып, СНП-500/10 насосы арқылы су жеткізілді. Бүгінде сол аймақта өртке қарсы минералды жолақтар жүргізіліп, қураған ағаштар кесілуде.

Ұжым балық шаруашылығын дамыту мақсатында түрлі шараны қолға алған. Мәселен, балықтың көбеюіне орай «Уылдырық-2020» акциясы өткізіліп, шабақтарды құтқару айлығы бірнеше реет ұйымдастырылған. Осы айтылған істерді табиғат жанашырлары жауаптылықпен атқарып келеді. Өйткені олар табиғат пен адам жаны егіз ұғым екенін әлдеқашан сезінген.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 маусым 2020 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031