» » Орманды жасылға көмкерген ұжым

Орманды жасылға көмкерген ұжым

Қазақтың қабырғалы қара орманының бүгінгі күйі қандай? Мәліметтерге сүйенсек, ұлан-ғайыр жеріміздің қазір тек 4 процентін ғана орман алып жатыр. Оның өзінде ағаштар қаулап өспейді. Республика бойынша орман шаруашылықтары 28 млн гектарды алып жатса, оның тең жартысы дала. Басым бөлігінде сексеуіл өседі. Қош. Адамзаттың тіршілігі – табиғатпен байланысты. Жасыл желексіз айналаны елестету мүмкін емес.
«Лесхоз» десе орман шаруашылығының мекемесі екенін біледі жұрт. Бірақ олардың немен айналысатынынан бейхабар. Сол үшін табиғатпен тығыз қатынаста жұмыс істейтін орманшылардың еңбегін елемей кету болмас. Аудандағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің қызметі қандай? Орманшылар не істейді?
Мекеме 1978 жылы құрылған. Бұрын 365 380 гектар орман қоры болса, 1984 жылы 390 154 гектарды құраған. Ал 2001 жылы ол 435 286 гектарға ұлғайтылған. 3 гектары Өзбекстан Республикасы мен Қазақстанның шекарашыларына қадағалау бекетін салуға Үкімет қаулысымен босатылған. Мекеме қарауындағы 435 286 гектар жердің 924 гектары Сырдария өзені жағалауындағы тоғайлы орманға тиесілі.
Қазір мекеме ұжымын отыз жылдан аса уақыт еңбек тәжірибесі бар Дастан Орынбасарұлы басқарады. Оған дейін Шаңбай Елшібеков, Тұрар Біләлов, Құдайберген Батниязов, Марат Наятұлы, Абай Бекбергендер басшылық еткен. Бүгінде айтулы мекемеде елуден аса адам жұмыс істейді. Ең алдымен – табиғатты қорғайды, содан соң орман қорын молайтады.
– Басты жұмысымыз – орманы сиреген жерге жасыл желек егу. Мақсат – орманды қорғау, тұрғылықты халықты отынмен қамтамасыз ету. Мекемеде өзге орман шаруашылығы мекемесі секілді орманшылық жоқ. Кезінде орманшыларға емес, шеберлік бөлімшеге бөлінген. Соның нәтижесінде қазір 5 шебер бөлімшесі бар. Онда 5 орман шебері мен қарамағында 4-5 орман күтушісі еңбек етеді. Өрт сөндіру бөлімі де жасақталған, – дейді мекеме басшысы.
Орманда өрт қауіпсіздігін болдырмау мен сақтау шарасын ұйымдастыру өзекті. Ауданда орман өрттерінің қауіпті кезеңі 15 наурыз бен 15 қазан аралығы. Сол үшін мекеме аудандық өрт сөндіру бөлімімен бірлесе жұмыс істеуді қолға алған. 1 өрт сөндіру көлігімен 7 адам қолайсыз өрт жағдайында өртті сөндіріп, өз міндетін атқарады. Егер олардың күші жетпесе мекеменің барлық қызметкері тілсіз жаумен алысады. Бұл кезде жұмысшы да, басшы да маңдай терін сарп етеді. Сондай-ақ, 17 орман күтуші мен өрт сөндіруші байланыс құралымен қамтамасыз етілген. Сол секілді орманды өсіру, қорғау инженері, директордың орынбасары, заңгер маман ұжым жұмысының жүйелі жүруіне үлесін қосады. Олардың қатарында Бақыткүл Молдабаева, Кәрім Өтегенов, Ерхан Қаражанов, Ақтөбе ауылдық округінің орман шебері Ғани Есмаханов, Бауыржан Боранбаев, Телжан Өскенбаев сынды орманшылар да бар. Мамандардың алды отыз жылдан аса бір салада еңбек етіп келе жатса, кейін келгендердің еңбек өтілі бес жылға жуық.
Бүгінде мекеме орманды өсіру, молықтыру және қорғау көрсеткіші бойынша алдыңғы қатардан көрінуде. Орманшының қажетіне су жаңа техникалар да алынған.

Айнұр ӘЛИ
16 қазан 2019 ж. 1 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031