Орман өртіне жол бермейік
Көктем, жаз, күз мезгілдерінде өрт қаупі көбейе түседі. Осы уақыттарда орман қоры жерлеріндегі орманды алқаптарды өрттен қорғауға тура келеді. «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің жалпы орман қоры жері 435283 гектар жерді құрайды. Оның 317966 гектары орманды алқабы. Осы өрт қауіпті маусымда орманды алқаптарды өрттен сақтау үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырады. Негізі орман өрті сыртқы себептердің салдарынан туындайды. Мұндай жағдайлар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтамағандықтан шығады. Әрине қасақана өрт жасалмайды. Өрт қауіпті маусымдарда сыртта отырған мал бағушылар, егін егетін шаруа қожалықтары, табиғат аясында демалушылар осы өрттен сақтау ережелеріне мұқият болса. Мекеме орман күзеті қызметкерлері мен мекеме өрт сөндірушілері аудан көлеміндегі мекемелер мен жеке кәсіпкерлер арасында лекциялар жүргізіп, орман қоры жерлерін бірлесе отырып қорғауға шақырып келеміз. 2019 жылы осы жұмыстардың арқасында орман өрті оқиғасы тіркелген жоқ. Биылғы жылы да осы орман өртінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында іс-қимыл, іс-шаралар жасалып ауылдық округтердің әкімдіктеріне ескерту хаттар таратылды. Әр аудан тұрғындары осындай ескертулерге байыппен қарап, бәріміз болып орманды алқаптарды тілсіз жау өрттен қорғауға атсалысып отырайық. Орман және дала өрттерінің орын алған жерлерінің координаттары, ол өрттің болуына себепші тұлғаларды қазіргі таңда анықтау «Қазақстан Ғарыш Сапары Ұлттық компаниясы» АҚ-нан алынып отырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабының 1-тармағына сәйкес Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.
«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ