» » Ауыл әкімі жылыжай мен алма өсіретін бақта болды

Ауыл әкімі жылыжай мен алма өсіретін бақта болды


Ауылдық округ әкімі Нурлыбек Сайымов «Достық Жер МК» ЖШС-нің жанынан құрылған жылыжай жұмысымен танысты.
Аумағы 10 соттық болатын жылыжайда жуа, қызанақ пен қияр, болгар бұрышы мен баклажан және тағы басқа көкөністер егілген. Мұнда 2 адам жұмыспен қамтылып, нәпақасын айырып жүр. Жиналған өнім егіс бригадаларына үлестіріледі. Меңгеруші Еркин Абсейтов алдағы уақытта қосымша құлпынай, лимон өсіретін 2-3 жылыжай қосу жоспарда барын жеткізді.
Сондай ақ, ауыл әкімі биыл қолға алынған алма баққа барып көшеттердің шығымдылығын көрді. Аумағы 2 гектар жерге алманың "Скарлата паруса"," Golden Delicious" және "Gala" сорттарынан 2500 көшет егілген. Сәтін салса, 2-3 жылда тұрғындар жергілікті өнімнен дәм татпақ.
Ауыл әкімі бұл жұмыстардың өзгелерге үлгі болатынын тілге тиек етіп, шаруалаға сәттілік тіледі.

III Интернационал Ауылы ауылының ақпараттық парақшасынан

02 тамыз 2021 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 036
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031