» » Аудан ардагерлері – Түркістан төрінде

Аудан ардагерлері – Түркістан төрінде


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖӘНЕ МҰРАТ СӘРСЕНБАЕВТЫҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН ЖЕРГІЛІКТІ 44 АРДАГЕР ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ. АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТ ЫРЗАҚҰЛҰЛЫ АРДАГЕРЛЕРДІ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСЫП, СӘТ САПАР ТІЛЕДІ.
Саяхаттаушылар қатарына ауданға қарасты 2 кент, 12 ауылдық округтегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері, Семей ядролық сынақ полигонының және «Чернобыль АЭС» апатының зардаптарын жоюға қатысушы жауынгер ардагерлер қамтылды. Сапар барысында ардагерлер «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне зиярат етіп, «Ұлы Дала елі» орталығы мен «Керуен сарай» кешенін аралады.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан басшылығы мен демеуші М.Сәрсенбаевқа алғыстарын жаудыруда. Әлеуметтік желідегі парақшаға «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шегебай Құндақбаев былайша пікір қалдырыпты.
– Керемет сапар болды. Бала күнімізден əке шешеміздің айтуымен құлаққа сіңісті болған «Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Бабтардың Бабы – Арыстан баб» деген исі қазақтың аңсары болған сайын даладағы рухани жəдігерлерді аралап, асыл топырағына тəу еттік. Тарихи құндылықтарымызды көзбен көріп, қолмен сипап ішімізден тəубе қылдық. Саф алтындай таза ауасын сіміре жұтып бойымызға қуат алдық, елімізге қорған болған, жеріміз үшін құрбан болған ата-бабаларымыздан қалған жəдігерлерді көріп ойымызға рухани құнар алдық. Қарттарын асыл қазынам деп бағала, шексіз сый құрметін аямаған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Ел үшін еткен еңбектеріне зор табыстар тілейміз. Əрдайым халықтың алғысын алып, құрметіне бөлене беріңдер, – деп ақ тілегін жаудырған.
Ал халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы Гүлжаухар Раева желіде сапар жөнінде ерекше жазба қалдыруды жөн көріпті.
– Ел алдында бір-бірінің мерейін асыратын жақсы істердің үлгі болған тұстары аз емес. Қарттар мерекесіне орай аудан әкімі Қайрат Нұртайдың бас­тамасымен және белгілі азамат Мұрат Абайұлының демеушілік жаса­уымен ардагерлерді құрметтеу, қадірлеу, ұлағаттау мақсатында қасиетті мекен – Түркістан қаласына аудан ардагерлері саяхат жасады. Олардың қатарында әр салада қызмет жасаған, бүгінде ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, үлес қосып жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымыз бар. Рухани астана – Түркістан қаласының кереметтей өзгергенінің куәсі боп, ерекше әсер алды. Ардагерлердің денсаулығына, мезгілімен тамақтануына, ән-жырмен сусындап демалуына жағдай жасаған аудан әкімдігі қызметкерлеріне рақмет. Қазақта «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақал бар. «Елге еңбек еткен жақсы, еңбекті елеген ел жақсы» демекші ардагерлер осы іске мұрындық болған ел азаматтарына осындай үлкенге көрсеткен сый-құрметі үшін шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп, абырой тіледі, – дейді өз жазбасында.
«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қазыналы қарттардың қуанышты жүздерін көретін күннің көп болатына кәміл сенеміз.
"Қт" ақпарат
05 қазан 2021 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031