
Анамның диірмені
Мекке менен Медине жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші. Шал ақын Өмірде әке мен ананның алатын орны ерекше емес пе? Бүгін ерте ояндым. Әкем мен анамды түсімде көрдім. Жүздері жарқыраған мейірім нұрына бөленген кейіпте риясыз жымиып...