» » » Ескерткіш тарихын білеміз бе?

Ескерткіш тарихын білеміз бе?

ЖОСАЛЫ, 5 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Ұлы Жеңіс – жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадында сіңіруде айрықша рөлге ие. Бүгінгі мақалаға арқау болатын Қармақшы ауданының орталығында орналасқан қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің бірі – Ұлы отан соғысында қаза тапқандар мен майдангерлеріне арналған ескерткіш.

Ескерткіштің тарихына үңілетін болсақ ХХ ғасырдың 60-70 жылдары нақтырақ айтсақ 1969 жылы Ұлы отан соғысында қаза тапқандарға арнап «Ер есімі – ел есінде» атты ескерткіш орнатылған.
Ескерткіш – аудан жұртшылығының жыл сайынғы Ұлы Жеңіс күніне орай 9 мамыр мерекесінде – қаза болған жауынгерлермен майдан даласында өшбес ерлік көрсеткен және хабар ошарсыз кеткен азаматтарға тағзым ететін «Тағзым алаңы».
Ескерткіш екі бөліктен тұрады. Біріншісі – жауынгер-батыр әскери гимнастеркада, арқасында плащ-палатка және қолында ППШ-41 автоматы, басында каскасы бар. Мүсін бейбіт қадымдап, алысқа көз жіберіп келе жатқан жауынгерді бейнелеп тұр. Мүсін бетоннан құйылып, қола түстес бояумен боялған. Биіктігі 280 см. Ескерткіш жоспары төртбұрышты екі сатылы тұғырға орнатылған. Біріншісінің көлемі 113х113х50 см, екіншісі 147х140х207 см. Тұғырдың негізі (іргетасы) бетоннан салынған. Оның жоспары үшбұрышты, көлемі 12х12х30 м. Тұғыры және іргетасы толықтай қызыл гранит плиткамен қапталған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 490 см. Ескерткіш тұғырынан 175 см жерде «Мәңгілік алау» орнатылған.
Екіншісі – жауынгер мүсінінің артқы жағында Қармақшы ауданынан соғысқа қатысқан адамдардың тізімі жазылған тақтайшалар орнатылған «Құрмет қабырғасымен» толықтырылған. Бір қарағанда ежелгі қалалардың бекіністі дуалын еске салатын бұл қабырғада азаматтардың тектері мен есімдері жазылған 114 дана қара гранит тақтайша бар. «Құрмет қабырғасы» күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, жалпы ұзындығы 80 м, биіктігі 3,3 м.
2014 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттің қорғауында екендігі қамтылған нұсқадағы қорғау тақтасы орнатылып, аудандық бюджеттен ескерткіштің төлқұжаты рәсімделді. 2015 жылы аудандық бюджеттен ескерткіш аумағына қосымша абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын Қызылорда облысында іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Туған өлке мәдениеті» тармағымен ескерткішке «QR-кодын енгізу» жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні ескерткішке Жосалы кенті әкімдігі тарапынан күтуші бекітіліп, жылма-жыл айналасына көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Айдынбек Айтбайұлы
Өлкетанушы
05 наурыз 2020 ж. 1 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031