Құрылтай
» » » Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш Қызылордада ашылады

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш Қызылордада ашылады



Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш Қызылордада ашыладыЕскерткіштің ашылу рәсімі 18 мамырға жоспарланып отыр. 
Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткері, музыкант Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш Қызылорда қаласында ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Батырханның бұрыңғы продюсері, әрі директоры Олжас Байқанов жазды. Оның айтуынша ескерткіш жұмысымен Мұрат Мансұров пен Жарас Шаймерденов атты астаналық мүсіншілер айналысқан. Ол сондай-ақ көрсеткен көмегі үшін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевке алғысын білдірген.
Айта кетейік, мүсіннің ресми ашылу салтанаты Оқушылар сарайы саябағында 18 мамыр күні сағат 10.30-да өтеді деп жоспарланып отыр.
Осыған дейін Қызылорда облысы әкімдігінде Батырхан Шүкеновтың ескерткішіне шамамен 38 млн теңге жұмсалатыны туралы айтылған.
Сондай-ақ Қызылордада 16 мен 18 мамыр аралығында әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған"Отан-Ана" атты вокалистер сайысы өтеді.


17 мамыр 2018 ж. 1 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 440
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031