» » АСТАНАДА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ МҮСІНІ ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРНАТЫЛАДЫ

АСТАНАДА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ МҮСІНІ ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРНАТЫЛАДЫ

   

Танымал әнші Батырхан Шүкеновтің жасалып жатқан ескерткішінің фотосы әлеуметтік желіде жарияланды. «ҚазАқпарат» тілшісі аталған мүсіннің авторымен хабарласып, ескерткіштің қайда орнатылатынын білді.

    Айта кетерлігі, бүгінгі күні әншінің мүсіні Астана қаласындағы «КазАртСистем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүсіншілер шеберханасында жасалып жатыр. Ескерткіштің биіктігі 2,5 метр. Қазіргі кезде саз жұмыстары аяқталып қалған. Енді қолаға аудару жұмыстары басталмақ.
    «Мүсінді жасап жатқанымызға екі айдай уақыт болды. Өткен жылы өткізілген конкурсқа қатысып, жеті-сегіз жұмыстың ішінен менің жобамды таңдап алған болатын. Ескерткіш Қызылорда әкімдігінің тапсырысымен жасалды. Ашылуы мамыр айына жоспарланған. Марқұмның ағасы Бауыржан келіп, жұмыстарды көріп тұрады. Қолына тенор-саксафонды ұстаттық» - дейді мүсін авторы, Қазақстан Суретшілер қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасының өнер академиясының академигі Мұрат Мансұров.
    Айта кетейік, атақты мүсінші Мұрат Амангелдіұлы Астана қаласындағы «Қазақ елі», «Керей мен Жәнібек», «Мәңгілік Ел», «Қазақ хандығына - 550 жыл» және тағы басқа да көптеген монументтердің авторы.
10 наурыз 2018 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 305
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031