» » » Египеттегі Сұлтан Бейбарыс мешітіне реставрация жасалып жатыр

Египеттегі Сұлтан Бейбарыс мешітіне реставрация жасалып жатыр

Египеттегі Сұлтан Бейбарыс мешітіне реставрация жасалып жатыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бабалар ізімен» тарихи-ғылыми экспедициясы Мысыр елінде болды.
Сапар Ысқақов бастаған ғалымдар мен журналистер тобы Сұлтан Бейбарыстың рухани мұрасын зерттеп, тың деректер іздеп қайтты. Экспедиция барысында Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуден өткізу жұмыстарының қалай жүріп жатқаны да мәлім болды.
Сұлтан Бейбарыс мешіті – Каирдегі айтулы тарихи орындардың бірі. Бұл ғимараттың тұрғызылғанына 8 ғасырға таяу уақыт өткен. Мешіттің ұзындығы – 108, ал ені – 105 метр. Дуал ретінде қаланған тас қабырғаларының биіктігі 11 метрге жуық. 2007 жылы Қазақстан мен Египет бірлесіп, мешітті күрделі жөндеуден өткізу туралы келісімге келген. Қазақстан бұл мақсатқа 4 жарым миллион АҚШ долларын да бөлген еді. Қалған бөлігін Египет өз мойнына алған. Бірақ Мысыр елінде соңғы жылдары болған саяси толқулардың кесірінен бұл іс аяғына дейін жеткізілмей, Египет жағы қаржы бөлуге асықпаған еді.
Сапар Ысқақов,«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:
– Сұлтан Бейбарыстың 1260 жылдары салдырған мешіт қорғаны. Бұл Каирдегі ең үлкен мешіт болып есептеледі. Қазір күрделі реставрация жұмыстары басталып жатыр екен. Ол – қуанышты жағдай. Өйткені былтыр келген уақытта өте нашар жағдайда тұр еді. Енді істеліп жатқан жұмыс аз болғанмен басталған іс бітеді деген сенімдеміз. Бұл мешіт қазақтар үшін, Қазақстан үшін киелі жер болуға тиісті.
Қазақстанның Египеттегі елшілігінің араласуы мен тығыз жұмысының арқасында Сұлтан Бейбарыс мешіті елдегі ең негізгі тарихи нысандарының тізіміне енгізіліпті. Бүгінде Мысыр елінің Үкіметі оны бір жыл ішінде толықтай реставрациядан өткізіп, жұртшылық назарына ұсынбақшы екен. Бұйырса, енді аз кем уақыттан кейін Египетке барған қазақстандық туристер даңқты бабаларының салдырған рухани ордасымен де танысып қайтатын болады.
Арман Исағалиев, Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі:
– Сұлтан Бейбарыс атамыздың мұрасы әлі де көп зерттелмеген құжаттар бар. Қолжазбалар бар. Мысырдың Ұлттық кітапханаларында және қолжазбалар үйінде. Біз солармен тығыз қарым-қатынастамыз және сол қолжазбаларды қазақ тіліне аудару және жариялауға тырысамыз және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми конференция ұйымдастыру жоспарымызда бар.
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы сондай-ақ Каирдегі қыпшақ мәмлүктердің тарихын зерттеуші ғалымдармен де кездесіп қайтты. Солардың бірі – Асуан университетінің профессоры, доктор Мұхаммед Рияд. Ол – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын араб тіліне аударған автор.
Мұхаммед Рияд, Асуан университетінің профессоры:
– Мен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» деген кітабын аудару арқылы сіздердің мәдениеттеріңізге қызығушылығым арта түсті. Сұлтан Бейбарысты бізге сыйға тартқан қазақ даласына алғысымыз шексіз. Ол Египетті татар-моңғол шапқыншылығы мен крест жорықтарынан сақтап қалды. Осы арқылы ол ислам діні мен Египеттің тәуелсіздігін қорғады. Дешті Қыпшақтан шыққан мәмлүктер батыр, нартұлғалы азаматтар болған. Сұлтан Бейбарыс солардың керемет бір өкілі дер едім.
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы мұнымен қоса Египет жерінде ұлы даладан барған мәмлүктер династиясына қатысты деректерді жинақтады. Экспедиция мүшелері Мысырға ұлы даладан барған билеушілердің жүргізген саясатын зерделеп, ғалымдармен кездесіп қайтты.

12 ақпан 2018 ж. 1 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031