» » "Масқара": Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіш елдің ашуына тиді (фото)

"Масқара": Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіш елдің ашуына тиді (фото)

Әлеуметтік желіде Семей қаласында Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіштің суреті тарады. Жеңіс паркінде тұрған мүсін көпшіліктің көңілінен шықпаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақтың батыр қызына арналған ескерткіштің суреті Мұрат Әбеновтің де парақшасында пайда болды.
"Менің ойымша, бұндай мүсін қазақ халқының қаһарман батыр қызына лайық емес. Бір бөренеден асығыс ойып жасай салған сияқты.
Басқасы басқа бірақ бірақ еліміздің бейбіт болашағы үшін қаза тапқан Мәншүк Мәметоваға жоғары деңгейде құрмет көрсетілү керек сияқты", - деп жазды қоғам қайраткері аталмыш суреттің анықтамасына.
Көпшілік бет-әлпеті келіспеген мүсінге теріс пікірлерін жаудырып, қаһарманды масқара етпеуді сұрады.
"Мазақ еткендері ме?", "Масқара, сөз жоқ", "Балалардың ерініп отырып, жасай салған дүниесі сияқты", "Сұмдық", "Бұл шын болса, нағыз масқара", "Әбден мазақ болдық", "Мұны қоймай-ақ қою керек еді", - деп жазды олар.
Фото: arnapress.kz
Ал ағаш жобаны жасаған Юлия Куртунова мен Иван есімді ерлі-зайыптылар arnapress.kz басылымына берген сұхбатында бұл нағыз еңбектің нәтижесі екенін айтады.
"Адамдар біз мұнда Ақшақар немесе Мыстан кемпірді жасап жатыр деп есептейді. Бірақ, біз Мәншүк Мәметованы жасап жатырмыз. Ол мәрмәр ма, ағаш па маңызды емес. Мұнда атмосфера сондай, Кеңес Одағы батырларына, танкіге арналған ескерткіш бар.Мәншүк Мәметова- қайтыс болған соң Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші әйел. Оның бұл жерде тұруға хақы бар. Ал теріс пікірлер жазған адамдар ештеңе істемей, бос жүргендер.
Бұл біздің керемет әкім Ермак Бидахметұлының бастамасы. Ол бізді қалаға ағаштан осы мүсіндерді жасау үшін шақырды. Бұл өте ауыр еңбек.
Әрине, бізді де қайырымдылықпен айналысып жүр деуге болмайды. Біздің де төрт баламыз бар, оларды асырауымыз қажет. Қымбат емес, айтарым сол",- деді Юлия.
04 қараша 2019 ж. 1 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930