» » » Мәншүк Мәметова – Жеңістің анасы

Мәншүк Мәметова – Жеңістің анасы

Ұлы Отан соғысы жылдарында қасқалдақтай қаны қалғанша қасқайып жауға қарсы тұрған қайсар батырларымыз қисапсыз. Батыр дегенде көзімізге елестейтін нар тұлғалы, шымыр денелі ерлермен қатар, сол сұрапыл соғысқа жаны нәзік, қаны батыл қыздарымыз да қатысқанын бәріміз білеміз. Соғыс жылдарында Мәншүк Мәметованы небары төрт рет көрген Әзілхан Нұршайықов көп естелік қалдырып, таптырмас ақпаратқа қанықтырып кеткен еді. Сол естеліктерден бір үзінді берейік. ...Бәріміз қатарласып тағы да ілгері аяңдадық. Осы кезде Қазихан қызға оқыс сұрақ қойды. – Мәншүк, сен жалғызсың, жігіттер көп қой. Олар қинамай ма сені? – деді. Бұл сұрақты орынсыз көрген өзгеміз үн-түнсіз қалдық. Осыны аңғарған жауынгер сөзін әрі қарай жалғады. – Сен маған ренжіме, бұл бір сыр ғой әншейін. Мәншүк аяғын үн-түнсіз үш-төрт аттап басты да, басын көтерді. – Жігіттер әртүрлі ғой, - деді содан соң. Қызды көрсе қызыл көрген қарғадай шоқаңдап шыға келетіні де бар. Қызды қарындасым деп, әрдайым қорған болуға тырысатындар да жоқ емес. Бірақ мені Алматының алма бағында пісіп тұрған қызыл апорттай көріп, үзіп алып, күйсете шайнаймын деген жігіттің тісі сынады. Жұтамын деген жұта алмай қақалып өледі. Ал бір түйірімді жұтқан жігіттің ішін тесіп шығамын мен! – Мәншүк ернін тістелеп тоқталып қалды. Содан кейін жігерлене қайтадан үн қатты. – Соғыс екен деп мен ешкімге өзімді тәлкекке бермеймін. Халқымның ежелгі дәстүрі бойынша өзіме бұйырған жігітке пәк күйімде қосыламын! Ал менің сүйген, серттескен жігітім жоқ. Соғыс біткен күні қайсың маған қол созсаң, мен соның адал жары боламын. Пәк жалынды жанымды жауды жеңген солдатқа арнаймын... Осы кезде бұрқ етіп менің көзіме жас келді. «Айналайын, қарындасым, қандай асыл қыз едің?!» - дедім ішімнен. Мәншүк екі беті алмадай қызарып, қатты толқып, тоқталып қалды да, қайтадан сөзін жалғады. – Әр әйел артына ұрпақ қалдыру үшін дүниеге келеді, - деді ол содан соң. – Ал мен олай-бұлай болып кетсем де, ұрпақсыз қалмаймын. Мен жеңістің анасы боламын. Жеңіспен ілесе, Жеңісхан, Жеңісбек, Жеңісгүл, Жеңісжан, Жеңіснұр атты талай бала дүниеге келеді. Мен солардың шешесі боламын, солардың сәбилерінің әжесіне айналамын! Ал оған дейін тәніме сезімнің найзасы тигенше, жүрегіме кірт етіп келіп ыстық қорғасын қадалсын! Антым осы, сертім сол менің! Мен майданға сүйісу үшін емес, соғысу үшін келгенмін!»
06 мамыр 2018 ж. 2 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031