» » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Биыл 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 толды.
Осыдан тура 73 жыл бұрын Кеңес Одағының астанасы Мәскеу қаласында жеңімпаз жауынгерлердің қатысуымен өткізілген алғашқы Ұлы Жеңіс мерекесі бүгінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтілуде.
Міне, биыл да сол бір сұрапыл соғысты жеңген бұрыңғы Кеңес Одағының құрамында болған республикалар, яғни ТМД елдерімен бірге қармақшылықтар да жоғары дәрежеде атап өтті.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов еңбек ардегерлері, Ауған соғысы мен «Семей-Невада» полигонында әскери азаматтық парызын атқарған, сонымен бірге Чернобыль атом электр станциясында орын алған жарылысты жоюға қатысушы қармақшылықтар мен мектеп оқушылыры соғыс Қуанышбай Бисембаев, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисеновпен бірге Ұлы Отан соғысында қаза болған және хабарсыз кеткен соғыс құрбандарына арналған «Тағзым алаңындағы» ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы ата-бабалар рухына тағзым етуге жиналған жұртшылықты Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сол бір сұрапыл соғыс жылдарда ерлік көрсетіп, бүгінгі ұрпаққа бақытты өмір сыйлаған майдангерлерге тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі Ұлы Отан соғысына Сыр бойы өңірінен аттанған майдангерлерден бүгінде 37-сі, оның ішінде киелі Қармақшы өңірінен туған жерді жаудан азат етуге аттанған 5 мыңнан астам жауынгердің 2-еуі ғана ортамызда жүргенін айта келе, соғыста құрбан болған жерлес майдангерлердің рухы қашанда тәуелсіз еліміздің аспанында асқақтай беретінін, жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынын айтты. Содан соң сөз алған қарт майдангер Қуанышбай Бисембаев алаңға жиналған жұртшылыққа мерекелік ыстық ықыласын білдіріп, аталық ақ батасын берді.
Тағзым алаңында өткен салтанаты шарада оған қатысушылар белгісіз жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қойса, ауданның бас имамы Асхат Жарқынбеков соғыс құрбандарының рухына дұға бағыштап, Құран оқыды.
Одан әрі мерекелік шара орталық алаңда аудан тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған концерттік бағдарламаға жалғасып, онда аудан басшысы С.Мақашов мерекелік жылы лебізін білдіріп, зұлмат жылдардағы қайсар жүректі қармақшылықтардың ерліктері жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, жылдар бойы ата-бабалар аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді еліміздің бүгінгі жетістіктері мен ел-халықтың әлеуетін арттыру мақсатында атқарылып жатқан ілкімді істер жайында әңгіме өрбітті.
Содан соң мерекелік шара аудан орталығындағы мәдини орталықтар мен білім саласы көркемөнепаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Шара аясында жасампаз майдангерлер ұрпақтарының ұйымдастыруымен тыл және еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қолдарына Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен, және соғыстан кейінгі бейбіт өмірдің еңбек майданында ел дамуына сүбелі үлестерін қосып, өмірден озған ардагерлердің суреттерін қолдарына ұстап мектеп оқушыларымен бірге «Жасампаздар полкі» шеруіне қатысты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
10 мамыр 2018 ж. 2 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 002

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031