» » Елбасы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Елбасы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Панфиловшылар саябағына барып, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қатары жыл санап сиреп бара жатқан қарт майдангерлермен жүздесіп, олардың өмір жолын ұрпаққа үлгі етті. Олардың сұрапыл соғыстағы ерлігі бүгінгі өскелең ұрпаққа өшпес өнеге болып қала бермек. Президент Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы маңызды рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Бүгін – 1945 жылы аяқталған Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі. Ең алдымен бұл мереке – ардагерлеріміздің мерекесі. Сұрапыл соғыстың ішінен аман-есен шығып, жауды жеңіп, бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлады. Сондықтан да біз ардагерлерді қадір тұтып, Қазақстанның әр жерінде, әр түкпірінде қошемет жасап, басымызды иеміз. Біздің Қазақстанымыз 1 млн 800 мың адамды майданға аттандырды, оның жартысы келмей қалды. Сұрапыл соғыста ерлік көрсетті. 500 мың адамымызға Кеңес одағының батыры деген атақ берілді. Тылда Қазақстанның істеген еңбегі жауынгерлерге қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін жатпай тұрмай күндіз-түні жұмыс істеді. Менің буыным, менің өсіп келе жатқан інілерім өздерін қалай десе де бақытты деп санауға болады. Күнделікті шаруаның анау-мынау жетпейді дегенді ойлап қарасақ, тек қана біздің буын – соғыссыз өмір сүріп келе жатқан буынбыз. Біздің аталарымыз анау революцияның кезіне келді, әкелеріміз Ұлы Отан соғысының кезіне тап болып, репрессияға түсті, біз ғана бейбіт өмірді сүріп келе жатырмыз. Оның барлығы – ардагерлердің арқасы. Сіздерге мың да бір рақмет! Жасай беріңіз, арамызда бола беріңіздер деп тілек айтамын.

09 мамыр 2018 ж. 1 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031